Автобус жүргізушілерінің бірі  Нұржан Қырғызбаев, архивтегі сурет

Ақтөбеде өртеніп кеткен 52 өзбектің туыстары тосын мәлімдеме жасады

1526
(Жаңартылды 13:13 04.09.2018)
Өзбекстаннан келген азаматтар туыстарының тірідей жанып кеткеніне сенбейтінін айтты

АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде 52 Өзбекстан азаматының өмірін жалмаған автобустағы өртке қатысты сот отырысы басталды. Алғашқы отырысқа қатысуға көрші елден марқұмдардың туыстары да келді. Олар процесс басталмай жатып-ақ жақындарының тірідей жанып кеткеніне сенбейтінін мәлімдеді. Ал айыпталушы деп танылған автобустың үш жүргізушісінің қорғаушылары оларды ақтап шығуды талап етті. 

Осыдан сегіз ай бұрын Ақтөбе облысында автобуста тірідей жанып кеткен Өзбекстанның 52 азаматының барлық жақындарына жәбірленуші ретінде соттан шақырту жіберіліпті. Бірақ жердің шалғайлығына байланысты басында жолға Ферғанадан  шыққан 25 адамның Ақтөбеге 11-і ғана билет тауып жеткен. Енді  соттың ақырына дейін осында боламыз деп отыр. 

"11 адам болып қазір пәтер жалдап жатырмыз. Сегіз айдан бері тергеудің қалай жүргенінен, кімді айыптап жатқанынан бейхабармыз. Оқиғаның қалай болғанын білгіміз келеді. 19 жастағы ұлым қыршын кетті", — дейді Бақтияр Ғарипов.

Процесс басталмай жатып, судья қайта-қайта үзіліс жариялаумен болды. Өйткені жәбірленушінің бірде-бірі қазақша түсінбейді екен. Ал өзбекшеге аударатын тәржімашы Ақтөбеде атымен жоқ. Сондықтан орыс тіліне аударып беретін болып келісті. Көрші елден келгендердің барлығы дерлік жақындарының автобуста тірідей жанып кеткеніне сенбейді, деп хабарлады КТК.

"Бұл бір болып жатқан қойылым сияқты. Ұлдарымыздың табытын әкелген кезде бізге аштырмады. ДНК сараптамасының нәтижесін көрсетпеді. Жақындарымыздың автобуста жанып кеткені рас болса, неге тергеу кезінде дәлел келтірмеді?", — деп атап өтті  Оборжон Хакимов.

Жәбірленушілердің күдіктен күйінетіндей жағдайлары бар. Өйткені, марқұмдардың кейбірінің ұялы телефондары осы күнге дейін қосулы тұр екен. 

"Осында қиналып әрең жеттім. Ұлым мен немеремді іздеп келдім. Олардың өлгеніне сенбеймін. Өйткені ұялы телефондары әлі күнге дейін істеп тұр. Қоңырау соқсаң ешкім көтермейді. Бұл жағдайды қалай түсінеміз? Адам өртенгенде, ұялы телефондары да жанып кетуі керек қой", — деп ашынды Юлдузхон Ғаниева.

Енді оқиғаның қалай болғанын автобус өртенгенде тірі қалған үш жүргізуші айтып беруі керек. Қазір олар айыпталушы ретінде қамауда отыр. Олардан бөлек сотқа Шымкенттегі автопарк басшысы мен механигі жауап беруге қолхатпен қатынап жүр. Тек өртенген автобустың қожайыны жоқ. Оған халықаралық іздеу жарияланған. Қорғаушылар оқиғаның анық-қанығын анықтау үшін ең алдымен автобуста тірі қалған өзбекстандық екі жолаушыны тыңдау керек деп отыр. 

"Туыстан айырылған оңай емес. Бірақ үш жүргізушіні кінәлай беруге де болмайды. Бұл жерде екі куәгер бар ғой. Өзбекстан азаматы. Дұрыс па? Сол адамдар шақыртылуы керек еді", — дейді айыпталушының адвокаты Нұршат Пернебекова.

Сегіз ай бұрын автобуста аман қалған екі Өзбекстан азаматы сот отырысын  өздерін қатыстырмай жүргізуге арыз берген. Бірақ олардың куәлік етуін қос тарап та талап етіп отыр. Енді олардың процесске қатысу, қатыспауын сот шешеді.


1526
Кілт сөздер:
сот, трагедия, автобус өрті, автобус, 52 адам, Өзбекстан, Ақтөбе облысы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында жолда қалып қойған Өзбекстан азаматтары құтқарылды
Қазақстандықтар Өзбекстан елшілігінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр
Өзбекстан өрттен зардап шеккендерге көмектескені үшін Қазақстанға алғыс айтты
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып жүр: кім жауап береді?
Өзбек халқы өрттен қаза болғандардың отбасыларына ақша жинап жатыр
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

283
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

283
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Фонтан, бала

Қырық градус ыстық болады: ертеңге ауа райы болжамы

356
31 мамырда республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ыстық болады. Өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан аумағында 31 мамырда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Нұр-Сұлтанда жел күшейеді деп болжанып отыр. Қазгидромет жекелеген өңірлерде дабылды ескерту жариялады.

Қырық градус ыстық

Күндіз Қызылорда облысында 41 градусқа дейін аптап ыстық болады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында да – 40 градус ыстық, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жел тұрады. Түркістанда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысында 31 мамыр мен 2 маусым аралығында 35-39 градус ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыз: Жаңбыр, бұршақ жауып, ыстық болады: маусымға ауа райы болжамы жарияланды

Қостанай облысында да аптап ыстық болжануда - 35-38 градус.

Қатты жел

31 мамыр күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Нұр-Сұлтанда оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Қазақстан астанасында сынап бағанасы 31-33 градусты көрсетеді деп күтілуде, көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Желдің екпіні – 15-18 м/с.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, 29-31 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық, күндіз ауа температурасы 34-36 градусқа дейін жоғарылайды.

356
Кілт сөздер:
ыстық, ауа райы болжамы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы