Пара, архивтегі фото

СҚО-да рубльмен пара алған аудан әкімі ұсталды видео

106
(Жаңартылды 10:22 06.09.2018)
Шенеунік кінәсін бірден мойындады. Алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр

ПЕТРОПАВЛ, 5 қыркүйек — Sputnik.   Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют ауданының әкімі 185 мың Ресей рублі көлемінде (бүгінгі бағаммен 1 миллионнан астам теңге) пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

Оқиға 1 қыркүйекте болған. Мамлют ауданының әкімі Жастілек Сыздықов Мамлютка қаласындағы Бірінші гимназия оқушыларын білім күнімен құттықтаған. Ал күндіз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысындағы мамандары шенеунікті пара алып жатқан жерінен ұстаған. 

 "Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында СҚО Мамлют ауданының әкімі пара алғаны әшкереленді. Ол ЖШС директорынан қамқорлық жасау үшін 185 мың Ресей рублі көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", — деп жазылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми хабарламасында.

Қазақстанда ұстаздарға қымбат сыйлық жасағандар заң алдында жауап береді 

Айта кетейік, аудан әкімі өзінің кінәсін толық мойындағандықтан,  ұсталған жоқ. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде.

40 жастағы Жастілек Сыздықов 1997 жылдан бастап Ақжар ауданында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Осы жылдың қаңтар айында Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалды. 


106
Кілт сөздер:
жемқорлық, әкім, пара, СҚО
Тақырып бойынша
Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды
Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің офицері парамен ұсталды
ШҚО-да лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауар өткізу үшін 13 млн теңге пара алған
Назарбаев: ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру керек
Ақмола облысында ірі көлемде пара алған судья ұсталды
Загрузка...