ЖЭО

"Миттал мырза жауап берсін". Назарбаев теміртаулық компанияның жұмысын сынады

181
(Жаңартылды 12:09 07.09.2018)
Президент Теміртаудағы жылу электр орталығын 1960 жылы өзі салғанын атап өтті, енді оны жаңғырту қажет

ҚАРАҒАНДЫ, 7 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысын дамытуға арналған отырыс кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы жылу электр орталығының (ЖЭО) жұмысын талқыға салды. Ол "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының директоры Парамжит Калонға нұсқау берді.  

"Комбинат жылу электр орталығының жабдықтарын жаңартумен айналысу керек", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Парамжит Калонның айтуынша, кәсіпорын 2023 жылға дейін екі жылу электр орталығын да жаңғыртуды жоспарлап отыр. Осы жоспарға сәйкес, үш жаңа қазандыққа тапсырыс берілген, олар 2019 жылдың наурызында жеткізіледі. 

"Мен бұл станцияны 1960 жылы салғанмын. Ол комбинат пен қаланы қамтамасыз етеді. Егер істен шықса, қала жылусыз қалады. Бұлай жұмыс істеуге бола ма? Миттал мырзаға үкіметтен менің сұрақтарыма жауап алу үшін қоңырау шалатынын жеткізіңіз. Осылай жұмыс істей береміз деп ойлайсыздар ма? Ол бүкіл қаланы жылумен және сумен қамтамасыз етеді. Ертең мен комбинатқа барамын. Жаңғырту керек", — деді Назарбаев.  

Мемлекет басшысы аймақтағы барлық қазандықтың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үйдегі қазандықтың жарылуынан тұрғындар қаза болған Шахандағы қайғылы оқиғаны еске салды.

"Шахандағы трагедияның қайталануына жол беруге болмайды. Қазір жылу беру маусымы жүріп жатыр, дайындық сапалы болу үшін барлық қазандықты тексеру керек", — деді президент. 

181
Кілт сөздер:
жаңғырту, жылу электр орталығы, Лакшми Миттал, Назарбаев, Теміртау, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Назарбаев Алматыға көшіп келушілерге жер беруді тапсырды
Назарбаев: Аралдың балығы шетелге экспортталуда
"Бір бөлімде 15 адам отыр, іс бітіретін үшеуі ғана" - Назарбаев шенеуніктерді сынады
Назарбаев егін алқаптарын аралап көрген соң диқандарға не деді?
Загрузка...