Өңірлер

Теміртауда Назарбаев жастық шағының әнін айтты - видео

© Официальный сайт Президента КазахстанаНазарбаев әртістермен бірге ән орындады
Назарбаев әртістермен бірге ән орындады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына сапары кезінде жастық шағы өткен Теміртау қаласында болды. Дәл осы металлургтар қаласында 1960 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазметаллқұрылыс" трестінде еңбек жолын бастаған еді

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Теміртауда тұрған жылдарын ерекше ықыласпен еске алады. Бүгін жөндеуден өткен қалалық мәдениет және демалыс саябағында болған Нұрсұлтан Назарбаев жастық шағына қайта оралғандай күй кешті.

Жергілікті әртістер 50-60 жылдардағы қала тарихы туралы театрландырылған қойылым әзірлепті. Президент ретро костюм киген жас орындаушыларға қолдау көрсетіп, комсомолдық кездер туралы әнді бірге шырқады.

© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтыЕлбасы жас әншілердің ортасында
Елбасы жас әншілердің ортасында - Sputnik Қазақстан
Елбасы жас әншілердің ортасында

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев металлургиялық комбинаттағы бұрынғы әріптестерімен кездесіп, әңгіме-дүкен құрды.

Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер

Жаңалықтар
0