қару, архив суреті

Түркістан облысында фермерлер атысты: бір адам мерт болып, екеуі жараланды

580
(Жаңартылды 19:14 11.09.2018)
Полиция тергеу жұмыстарын бастады, оқиғаның мән-жайы анықталуда

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Түркістан облысының полицейлері Шардара ауданының тұрғынын өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады. 

Оқиға 7 қыркүйекте болған. Шардара аудандық ішкі істер бөліміне ауылдардың бірінің маңындағы төбелес туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер клиентке таласып қалған фермерлердің жанжалдасып, қару пайдаланғанын анықтайды. Төбелес салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында мерт болып, ал екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні ұстады. Олар — тұрғындары. Олардың бірінен аңшы мылтығы тәркіленді.

Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

580
Кілт сөздер:
адам өлтіру, қылмыс, мылтық, қару, диқандар, атыс, Түркістан
Тақырып бойынша
Прокуратура Астана маңындағы атысты тергеу барысын бақылауға алды
Қызылордада көшедегі атыс видеоға түсіп қалды
Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр
Шымкенттегі атыс: жасөспірім өлімінің мән-жайы анықталды
ОҚО-дағы жаппай төбелес және атыс: 18 жасар жігіт 12 жылға қатаң тәртіпті колонияға қамалады
Түркістан облысында жасөспірім ақша үшін құрдасына оқ атты
Загрузка...