Қыз терезеге қарап отыр, архивтегі сурет

Петропавлда жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

538
(Жаңартылды 08:22 10.09.2018)
2003 жылы туған жасөспірім Айыртау ауданының Саумалкөл ауылынан табылған

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Cолтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз табылды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім Айыртау ауданының Саумалкөл ауылынан табылған. Қазіргі таңда Петропавлдың 15 жастағы тұрғыны не себепті жоғалып кеткені анықталып жатыр, деп хабарлады Петропавловск.news. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше бұқаралық ақпарат құралдары 7 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыздың шамасында 2003 жылы туған мектеп оқушысы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағанын жазған болатын. 


538
Кілт сөздер:
мектеп оқушысы, жасөспірім қыз, жоғалып кетті, Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында ауыл әкімі тапа тал түсте "жоғалып" кетті
Ауылға қонаққа барып, жоғалып кеткен бала өлі табылды
Алматылық қыз Қостанайда жоғалып кетті
Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Өскеменде 17 жастағы бозбала жоғалып кетті
Загрузка...