Қостанайда әйелді бес жасар баласымен автобус қағып кетті

Қостанайда әйелді бес жасар баласымен автобус қағып кетті

162
(Жаңартылды 17:15 13.09.2018)
"Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Қостанайда жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан әйел мен оның бас жасар баласын автобус соғып кетті, деп жазады kstnews.kz. 

"Зардап шеккен ұл бала бес жаста. Ол ауруханаға жеткізілді, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Екі күннен кейін баланы травматология бөлімшесіне ауыстырдық. Ол анасымен бірге жатыр. Бассүйек-ми жабық жарақаты, басынан жеңіл деңгейдегі соққы алды", — деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий.

Жол апаты фактісіне қатысты қылмыстық кодекстің "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

162
Кілт сөздер:
жол апаты, автобус, Қостанай
Тақырып бойынша
Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында үш бала бар
Алматыда Mercedes жол жиегіндегі 3 адамды соғып кетті, қаза тапқандар бар
Алматыда жол бойында көше сыпырушыны соғып кетті
Астанада жүргізуші сот маңында қызды қағып кетті – видео
Қарағанды облысында апат орнында жұмыс істеп жатқан 2 полицейді қағып кетті
Загрузка...