Дәрітамызғыш, архивтегі фото

Шымкентте дәмханада тамақтанған 3 жастағы бүлдіршін көз жұмды

259
(Жаңартылды 21:33 12.09.2018)
Құзырлы орындар тексеру жұмыстарын бастады. Баланың анасы қайғылы жағдайға дәрігерлерді кінәлап отыр

ШЫМКЕНТ, 12 қыркүйек — Sputnik, Жансая Тәуекелқызы. Шымкентте 3 жастағы бүлдіршін анасымен бірге дәмханада тамақтанып, жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Бірақ, көп ұзамай бүлдіршін жан сақтау бөлімінде көз жұмды. 

Уланған бүлдіршінді ауруханаға туыстары алып барған

Сенбі, 8 қыркүйек күні Әмина Өтегенова қызымен бірге қаладағы дәмханалардың біріне түстенуге барады. Сүт және банан коктейлін ішіп, пиде жейді. Жексенбі күні таңғы сағат шамамен 06.30-да тоқтаусыз құсып, мазалары қашады. Жедел жәрдем шақырғанымен, ақ халаттылар сағат 10-да келіпті. Әйел жұқпалы аурулар ауруханасы жатады. Бүлдіршінді де аурухана жатқызбақ болғанда, келіншектің анасы қарсылық танытады. Араға бірнеше сағат өткен соң бүлдіршіннің тағы мазасы қашып, жедел жәрдем шақырады. Бұл кезде дәрігерлер оны ауруханаға алып барудың қажеті жоқ деген екен. Бірақ сағат 16.30 шамасында үйіндегілер бүлдіршінді ауруханаға өздері алып барады. Бұл туралы марқұмның анасы Әмина Өтегенова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қызымды ауруханаға жатқызу үшін құжаттарды рәсімдеп, тамызғыш дәрі қоямын дегенше кешкі жеті жарым болды. Таңғы жетіде қызымның дене қызуы 35,8-ге түсіп кетті. Оған дейін тек құсып жатқан. Реаниматолог келіп, тағы бір дәріні қойды. Кешкі жетіде тағы дене қызуы түсіп кетті, аяқ-қолы мұздай бастады. Кезекші дәрігер ыстық шай беріп, денесіне жылытқы басу керек деді. Қызымның тыныс алуы қиындап кетті. Реаниматологты шақырып, жан сақтау бөліміне алып кетті. Кейін бүйрегі мен жүрегі тоқтап, қайта тірілту шараларын жасайды. Екінші рет қайталағанда қызымның жүрегі шыдамапты. Тұжырымдамада қызымның бас миы іскен, септикалық шок және сепсис деп жазған. Олар сепсисті, қанның зақымдануын қайдан шығарды? Олардың қан талдамасы дайын болып үлгерген бе?" деп жазған келіншек дәрігерлер бұл суыт хабарды сағат 00.15-те хабарлағанын атап өтеді. Ал кейін белгілі болғандай бүлдіршін  сағат 22.40 шамасында қайтыс болған екен.

Марқұм бүлдіршіннің денесі туыстарына түнгі үштер шамасында берілген. Оның өзінде ақ халаттылар анасына дәрігерлерге шағымым жоқ деп қолхат жаздырып алған.

"Денені алу үшін ешқандай шағымым жоқ деп жазып беруім қажеттігін айтты. Өлім себебін анықтау үшін денесін кесуге бергім келмеді. Нәтижесі шынайы болатынына сенбеймін" деп ашынған келіншек.

Тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Перзентінен қапелімде айырылып, қара жамылған ана бұл жағдай бойынша құзырлы органдарға шағым түсіргенін хабарлады. Қазіргі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тексеру жұмыстары жүріп жатыр.  

"Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірақ уақыт жоғалған. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе аталған жайт бойынша қосымша тексеру жұмыстары басталды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады",-деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

259
Кілт сөздер:
аурухана, улану, дәмхана, Шымкент
Тақырып бойынша
Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланып қалды
БАӘ-ге демалуға барған қазақстандық отбасы уланып қалды
Ақмола облысында жаназаға жиналған жұрт уланып қалды
50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Архивтегі фото

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты

35
Күмісхан Оразақынова коронавирус инфекциясын Кеген аудандық ауруханасына емделуге барғанда жұқтырып алған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Алматы облысында 89 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты.

1931 жылы дүниеге келген Күмісхан Оразақынова бұл індетті Кеген аудандық ауруханасына емделуге барып, сол жердегі дәрігерлерден жұқтырып алған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ол 4 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 99 жастағы қария коронавирус жұқтырды 

"Пациент ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болды. Жас ерекшелігін ескере отырып, оны реанимация бөліміне орналастырдық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы кез келген ауруды асқындыруы мүмкін еді. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық", - дейді дәрігерлер.

Кейін кейуананың 3 немересі коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны анықталды. Олар қазір Қарасай аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал Күмісхан Оразақынова ауруынан толық айығып, туған ауылы Кегенге оралды.

"14 күн бойы клиникалық протоколдарға сәйкес ем-шара жасалып, 15-күні COVID-19 ПЦР анализі оң нәтиже көрсеткендіктен, ары қарай 5 күнге ем-шараларды жалғастырдық", - дейді дәрігер-инфекционист Алмагүл Асқарқызы.  

Ал одан кейінгі екі ПЦР талдауы теріс нәтиже көрсетіп, жалпы клиникалық-лабораториялық көрсеткіштер дұрысталғандықтан ауруханадан шығарылған.

"Осы Шелектегі ауруханада жатып, жазылып шығып жатырмын. Сексен тоғыздамын, бәрі жақсы қарады. Өз үйімдегі балаларымнан артық қарады. Уақытымен тамағымды іштім, уақытымен жаттым. Кіріме дейін жуды. Оларға рахметімді айтамын. Дендері сау болсын!", - дейді Күмісхан Оразақынова.

35
Кілт сөздер:
кейуана, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус жұқтырмағаныңды қалай білуге болады?
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырған ең қарт адамның жасы белгілі болды
Ғалым коронавирустан айыққан адам қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

1011
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

1011
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады