Мылтық

Ата-енесін туған ұлының көзінше атып тастаған: оралдық қанішерге үкім шықты

1013
(Жаңартылды 10:59 19.09.2018)
Ата-енесін атып өлтірген Рустам Давлетшин қылмыс жасауды жоспарламағанын айтты

ОРАЛ, 13 қыркүйек — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 2018 жылдың мамырында бұрынғы әйелінің ата-анасын атып өлтірген Рустам Давлетшин 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот процесі 1 тамызда басталып, Давлетшиннің өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен өтті. Айыпталушы ата-енесін өлтіруге себебі болғанын дәлелдеп, үкімді жеңілдетуге үміттенген болатын, деп жазады Sputnik "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Сот тыңдауы кездерінде ол бұрынғы ата-енесінің тарапынан талай қорлық көргенін және қылмыс жасауды жоспарламағанын бірнеше рет айтты.

Бұрынғы күйеу баласы оқ атқан ер адам ауруханада көз жұмды

Алайда сот тергеуі оқиғаның нақты деректерін анықтады. Белгілі болғандай, Давлетшин 2017 жылы шолақ мылтық сатып алыпты, ал оқ-дәріні қылмыс жасарды алдында ғана алған.

Алақбилер үкімі мен қаулы шыққанға дейін екі жақтың пікірсайысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Давлетшинді 20 жылға соттауды сұрады. Кеңесу бөлмесінде 12 алқабидің 8-і прокурормен келісіп, қылмыскерді 15 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айыруды жақтайды.

Үкім 12 қыркүйекте оқылды. Давлетшин екі адамды өлтіріп, заңсыз қару сақтағаны үшін айыпты деп танылды. Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдапты. Бұдан бөлек, жәбірленуші тарапқа 6 миллион теңгедей моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс.

Ерлі-зайыпты Ғалия және Раниль Әбдірахмановтарды 2018 жылдың 10 мамырында кешкі уақытта атып кеткен.

Тергеу барысында, күдіктінің бұрынғы әйелі оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, ұлы және ата-анасымен бірге үйде болғанда, Давлетшин келіп, есік ашқан бұрынғы енесін атып тастайды. Жас әйел баласымен басқа бөлмеге тығылып қалған. Ал қанішер қайын атасына да оқ атады. Қатты айғай-шудан қашып кеткен ол көп ұзамай қолға түсті. 

Әйел адам оқиға орнында жан тапсырса, ер адам бірнеше күннен соң ауруханада көз жұмды.

Оралда күйеу баласы ата-енесін атып өлтірді

1013
Кілт сөздер:
атып өлтірді, қылмыстық іс, сот үкімі, Орал, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Қытайда 10 адамға үкім шыққаннан кейін бірден өлім жазасы орындалды
Талғарда мүгедек баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты
Оралда ата-анасын күйеуі атып кеткен әйел оқиғаның қалай болғанын айтты
Шымкенттен ауылға қонаққа барған 8 жасар бала әпкесін атып өлтірді
Түркістан облысында әпкесін атып өлтірген баланың әкесінің үстінен іс қозғалды
Полицейлер қарулы қылмыскерді тұтқынмен бірге атып тастады (видео)
Саябақта серуендеп жүрген әйел

Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс

48
Бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіліп, Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шұғыл штабтың шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендері ашылады. Ал одан үлкен сауда орындары  "клиентке дейін жеткізу" форматында істей береді.

Бұдан бөлек, саябақтар және сол жерде орналасқан сауда орындары ашылады. Бірақ аттракциондар мен балалар алаңы, батуттар, велосипед және балалар ойыншықтарын жалға беру қызметі жұмыс істемейді.

Ал саябақ аумағына бір үйдің адамдары болмаса, үш адамнан артық топтасып кіруге болмайды. Адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы тиіс.

Қаладағы қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 21:00 арасында жүреді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілген болатын. Ал Ақмола облысы бойынша Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді.

48
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Қазақстанда тағы бір облыста карантин жеңілдетіледі
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
аурухана, коронавирус

"Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

373
(Жаңартылды 17:22 10.08.2020)
Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған", - делінген хабарламада. 

Мақат аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

"Ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген жалған ақпарат болып саналады. Қазір аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр, ішінде бір ғана бала бар. Он айлық нәрестеге суықтан пайда болған пневмония деген диагноз қойылды. Сәбидің жағдайы жақсы, жақында үйіне шығарылады", - дейді Әбдірахманов. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті. Пневмонияға шалдыққандар 13 280 науқас болды. Ресми статистикаға сүйенсек, коронавирустан 1269, ал пневмониядан 164 адам қайтыс болды. 

373
Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0