Шынжыр қылмыскердің қолында

Ішіндегі әжені көрмей көлікті айдап әкеткен азамат 6 жылға сотталды

271
(Жаңартылды 17:53 29.09.2018)
Азамат артта отырған кейуананың дауысынан шошып көлікті ағашқа соққан

АСТАНА, 28 қыркүйек — Sputnik. Қарағандыда көлік ішінде отырған қарияны көрмей оны айдап әкеткен азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 24 жастағы қала тұрғыны бөтелкелесін пышақтап қашып бара жатқан. Осы кезде оталып тұрған көлікті көріп, оны ойланбастан мініп кеткен.

Көліктің артқы орындығында көлік иесінің 80 жастағы анасы отырған. Ішімдікке мас болған күдікті салондағы қарияның айғайынан шошып, көлікті жол шетіндегі ағашқа соққан. Кейуана артқы орындыққа жатып алғандықтан зиян көрмеген. Ал оқиға болған жерден тәлтіректеп қашқан күдіктінің аяқ киімі шешіліп қалған, деп хабарлайды .

Ол сары аязда алысқа ұзай алмай қолға түсті. Енді қылмыскер сот шешімімен, талқандалған көлік үшін 11 миллион, ал пышақтаған досына 800 мың теңге өтемақы төлеуі тиіс.

 

 

271
Кілт сөздер:
сот, әже, күдікті, қылмыскер, көлік, Қарағанды
Тақырып бойынша
Сауд Арабияда әйел әріптесімен түскі ас ішкен азамат сотталды - видео
Ер адам әйелінің WhatsApp-тағы хатын оқып, екі жылға сотталды
"Төрт ағайындының" соты: банда мүшелері 100 жылға сотталды
Қостанайда қызын пышақтап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды
Өскеменде қыздардың басына сыра құйған жігіт 5 жылға сотталды
45 мың теңге үшін жолаушыны буындырып өлтірген. Такси жүргізуші сотталды
20 рет пышақ салған: Ақтауда өгей баласын өлтірген әйел сотталды
Загрузка...