Қыз терезеден қарап тұр

Жамбылда жас келін төркінінде 10 күн жатып келгеннен кейін ажал құшты

8183
(Жаңартылды 17:26 01.10.2018)
Қызынан қапыда айырылып қалған Жамбыл тұрғыны құдағиын қамауға алуды талап етті

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған Гүлнұр Тұрдалының анасы қайғылы оқиғаға құдағиын айыптайды. Оның айтуынша, құдағиы келініне пышақ сұғып өлтіріп, кейін оны өзіне қол салғандай етіп көрсеткен көрінеді. 

Қайғыдан қан жұтқан ана перзентінің суицид жасағанына сенбейді. Сондықтан қызының енесін қамауға алуды талап етеді, деп хабарлады КТК.     

Гүлнұр Тұрдалы келін болып түскен үйінде өткен айдың 18-і күні ажал құшты. Ұзатылғанына небәрі тоғыз ай болған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп көз жұмған. Ол өзіне қол салған дейді марқұмның енесі. Алайда марқұмның анасы, бұған сенбейді. Айтуынша оны енесі, қайынсіңлісі және күйеуі әдейі немесе жанжал кезінде абайсызда өлтіріп алған.   

"Қайынсіңлісі үшеуі жабылып істеген. Бәрін тап-таза қылып отыр ғой. Менің қызымның өзіне қол жұмсайтындай күші де жоқ", — дейді  Гүлнұрдың анасы Динара Заттыбекова.

Отбасылық жанжалдан зәрезап болған Гүлнұрдың төркінінде 10 күн жатып келгені анықталды. Сол оралған күннің ертесіне қайғылы жағдай болған. Бауыр еті баласынан айырылған ана енді ақиқатына жете алмай зар жылап жүр.    

Құда болып, құйрық-бауыр асатқан қос тарап қазір бір-біріне өлердей өш. Көрген жерде жаға жыртысып, қырық пышақ болады. Бірақ Гүлнәр Садырқұлова құдағиының таққан айыбы орынсыз дейді. 

"Құдай алдында адалмын, Құран да ұстайын, жасыратыным жоқ. Бала-шағам да, өзім де адалмын", — дейді Гүлнұрдың енесі Гүлнәр Садырқұлова.

Гүлнәр Садырқұлова сұмдық жағдайдың қалай болғанын өзі де анық  білмейді. Оның айтуынша, томаға тұйық келіні таңғы астан кейін үлкен үйге кіріп кеткен. Артынан іздеп барған қызы мен өзі оны жерде ес-түссіз жатқан жерінен көреді. Жанында пышақ болған. Дереу жедел жәрдем шақырмастан ауруханаға жеткізеді. Гүлнұр сол жерде жан тапсырған. Қазір осы жайтқа қатысты тергеу жүруде. 

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тегеу амалдары жүруде. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды", — дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Марқұм кісі қолынан қаза тапты ма әлде суицид пе? Енді ол жағын тергеушілер анықтайды. 


8183
Кілт сөздер:
суицид, жанжал, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Полиция әйелін пышақтап, өзіне қол салған ер адамға қатысты мәлімет берді
Ақтөбеде өзіне қол салған күзетшінің әйелі жұрт күтпеген мәлімдеме жасады
Қазақстан азаматы Түркия әуежайында өз-өзіне қол салды
Өзбекстанда қос ғашық өздеріне қол салды
Көкшетауда 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды
Загрузка...