Өңірлер

"Жалаңаш суретіңді жариялаймын". Атырауда жас қыздарды зорлаған жігіт ұсталды

© Photo : pixabay/rebcenter-moscowӘйел жылап отыр, иллюстративті фото
Әйел жылап отыр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау тұрғыны әйелдермен танысып, оларды бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа түскен

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Атырауда күштеп жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен 24 жастағы қалалық ұсталды.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Семейде 5 жасар баланы зорлаған күдікті қолға түсті

Жігіт өзімен интимдік хат жазысқан әйелдерді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, олардың арасында жас қыздар да болған, деп хабарлады "Ақ Жайық".      

Полицияның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілер арқылы әйелдермен танысып, олардың кейбірінен жалаңаш түскен фотосуреттерін алған, сосын менімен жыныстық қатынасқа түспесең, хаттар мен фотосуреттерді Интернетте жариялаймын деп бопсалаған. 

Қылмыскер осындай жолмен бір жылда бірнеше қызды құрығына түсіріп, пайдаланған, оның ішінде 18 жастағы студент пен 15 жасар оқушы да бар. Қыздар ата-аналарына бәрін айтып берген, ал олар құқық қорғау органдарына хабарласқан. 

Ұсталған жігіт тергеу абақтысына жабылды. "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.   

Жаңалықтар
0