Қария, әже, қарияның қолы, әже таяқ ұстап тұр

Алматы облысында келін енесін соққыға жығып, үйден қуып шыққан

2958
(Жаңартылды 13:26 09.10.2018)
Кейуана бір кездері ұлына сыйға тартқан үйді қайтарып алуға ниеттеніп отыр

АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Алматы облысындағы Бәйсерке ауылында Күлімхан Шыбынтаева өзін ұлы мен келінінің жабылып соққыға жыққанын айтып шағымданды. Айтуынша, келіні үйге кіргізбей, суық ауа райында далаға қонуға мәжбүрлеген. Осының салдарынан кейуананың өкпесіне суық тиіп, ауырып қалған. Енді қария 1991 жылы ұлына сыйға тартқан үйді қайтаруға ниеттеніп отыр. 

Қарияның атынан бағдарламаға көмек сұрап туысы Әсел Мұхтарқызы келді. Жаздың соңғы айынан бері қарияға бас-көз болып, дәрі-дәрмегін алып беріп отыр екен.

"Ұят та болса да бұл жерге апамның жанайқайын жеткізуге келіп отырмын. Ол кісінің басындағы қиындықтар көкейімнен өтіп кетті. Осы жылдың 1 тамызынан бастап менің шаңырағымда тұрып жатыр. Әрине, мұндай жағдай болады деп еш күткен жоқпын. Менің алдыма тойлап, айттап келсінші деп ойлайтын едім. Бірақ мұндай жағдаймен емес. Келіні мен немересінен көк ала болып соққы жеп алақанының бәрі ауырып келді. Бұл маған өте ауыр тиді. Өмірімде басымнан көптеген қиыншылық өтті. Бірақ бұл оның барлығынан асып түседі. Жалпы апам өзі жүретін адам. Бірақ, келіні ұрған кезде тілін қатты тістеп алған. Басынан да ұрған екен. Түрінен шошып дәрісін алып бердім. Ол бала емес, үлкен кісі", — деді қарияның туысы Әсел Мұхтарқызы Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Ұлы мен немересінен таяқ жеген Күлімхан Шыбынтаева он құрсақ көтерген. Балаларының бірі қайтыс болған.

"Көрген қорлығымды айтып жеткізе алмаймын. Осыларды бір жапырақ нанмен байдың баласындай етіп бақтым. Балаларымнан мұнша қорлық көремін деп ойламаппын. Шалымнан бір шапалақ жесем арманым жоқ еді. Екінші қыз келіп тамағымнан қылқындырды. Тырнағы тамағымды қанатып жіберді. Содан кейін балам қылқындырды. Тамағымның қырылдап қалғаны содан. Келін құлағымнан бір қойып, кейін бәрі жара болып кетті. Олар жабылып мені өлтіретін шығар деп қаштым", — деді ол.

Әрі қарай кейуана келіні мен ұлы үйден қуып шыққандықтан, далада түнеуге мәжбүр болғанын айтты. Осының салдарынан суық тиіп, ауырып жатып қалған екен.

"Келін "Өзі өліп қалды деп айтамыз" дейді. Елдің бәрі есіктерін жауып алыпты, біреуі де мені кіргізбеді. Осының салдарынан ағаштың түбінде жүріп өкпеме суық тиді. Алжыған түгім де жоқ. Алжысам осылай сөйлеймін бе?! Лағып кетпеймін бе?! Үйден бездіріп отыр мені. Шама келгенше маған осы үйді алып беріңіздер. Мен одан да үйді жетім балаларға берейін. Осы үйге бола сыйға берген шапанымды да сатқан едім. Зауытта жұмыс істеп, мал өсіріп алған үйім. Балаларымның біреуі де хабарласпайды. Мені қолымдағы таяқпен де ұрған кездері болды. Осы баланы айдалада қой бағып жүріп туған едім", — деді қария.

Келіні қуып шыққан үйді қария 1991 жылы ұлының атына жаздырған.

2958
Кілт сөздер:
туысқан, ұл, соққыға жықты, қария, келін, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған
Жас жігіт төрт жасар өгей қызын аяусыз соққыға жықты
Оралда көз жұмған мұғалімнің туыстары жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты
Ашуға булыққан әйел ұйқы бермеген көршісін соққыға жықты
Алматы облысының тұрғыны туған анасын аяусыз соққыға жықты
Қос перзентінен күдер үзген. Астанада жалғыз қалған мүгедек қария халықтан көмек сұрайды
Жамбылда жас келін төркінінде 10 күн жатып келгеннен кейін ажал құшты
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

1779
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

1779
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

905
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

905
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0