Суретте төрт нан

"Мазақ қылды!". Он баланың анасы мерекеге 8 бөлке нан сыйлаған әкімдікке ренішін айтты

1469
Кейуананың күйеуі екінші топтағы мүгедек. Қан қысымы қатты көтеріліп, төсек тартып жатып қалатын кездері болады

АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Гүлмира Әлижанова 10 баласымен бірге құлайын деп тұрған үйде тұрып жатыр. Төрт жыл бұрын күйеуінің жүрегі ауырып, денсаулығы сыр бере бастаған. Сондай-ақ, оның құлағы естімейді және бір қолы істемейді. Осы орайда көпбалалы ана отандық бағдарламалардың біріне көмек сұрап келді.

Кейуана бүгінде отағасының денсаулығы шаруаға жарамай отырғанын айтты. Қан қысымы қатты көтеріліп, жатып қалатын кездері болады екен.

"Күйеуім екінші топтағы мүгедек. Құлағы естімейді, өзі кемтар. Қан қысымы көтерілген кезде жатып демалады. Оң жақ қолы істемей қалған. Биыл, тіпті, қан қысымы 250-ге дейін көтеріліп, қайтадан Шелектегі дәрігерге алып барып қараттым. Әлі де екінші топтағы мүгедек екені белгілі болды", — деді Гүлмира Әлижанова Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Әрі қарай ол бірнеше жыл бұрын отбасының газдан уланып, өмірлеріне қауіп төнген сәтті еске алды. Бүгінде бала-шағасына пана болған үй құлағалы тұрғанын айтады.

"2016-2017 жылдары от жаққанда үйдің ішіне газ таралып, біз отбасымызбен уланып қалғанбыз. Бір күні үйдің төбесі немеремнің басына түсіп кете жаздады. Қайта Құдай сақтап қалды. Әкімдіктен бізге ешкім көмек бермейді. 2017 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай бізді мазақ еткендей 8 бөлке нан беріпті. Енді сөйтіп адамды келеке, мазақ етуге бола ма? Біз де балалы-шағалы адамбыз. Көмек сұрап барсаң "Баланы біз үшін тудыңдар ма?" дейді. 2002 жылғы қызым қалада медициналық колледжде білім алады. Бізге бола қалаға барып-келіп жүр. Осылай жүріп қиналып кетті", — деп қынжылды көп балалы ана.

Мұнымен қатар, Гүлмира Әлижанованың көршілері де бұл отбасының жағдайы мүшкіл екенін жеткізді. Жаңбырлы күндері үйлерінің төбесінен су ағып әлек болады екен. Айтуларынша, туған-туыстары бұл отбасыға мүлдем қол ұшын бермейді. 

1469
Кілт сөздер:
отбасы, колледж, әкімдік, газ, бала
Тақырып бойынша
Роналду жаттығу кезінде тілшіге пародия жасап, мазақ қылды - видео
Головкин баспасөз мәслихатында "Канелоны" мазақ етті – видео
Мұғалім оқушыларды мазақ қылғаны үшін директор жұмыстан қуылды
Азамат Мұсағалиев: Әзілді түсіргенде қазақ тілін кемсіту немесе мазақ ету ойда болған жоқ
ОҚО-да 85 жастағы кейуана өз баласын не үшін өлтіргені анықталды
Маңғыстауда 72 жастағы кейуана 5 келініне жалақы төлеп отыр
Мұғалімдер мен дәрігерлерге пәтер алуға миллион теңгеден көмек беріледі
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

2056
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

2056
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

956
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

956
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0