Кесене басындағы бұлақ емдік қасиетке ие

Ақбура әулие кесенесіндегі шырақшылар талай тылсым күшке куә болған

6878
(Жаңартылды 10:31 09.10.2018)
Кесене басындағы бұлақ емдік қасиетке ие. Жасөспірім бұлақ суының арқасында псориаз дертінен сауыққан

ТҮРКІСТАН, 7 қазан  — Sputnik, Жансая Тәуекелқызы. Түркістан облысының Қазығұрт ауданында орналасқан Ақбура әулие кесенесі – жаз ауасы түсе салысымен зиярат етушілер ағылатын орындардың бірі. Бірі перзент сұрап келсе, енді бірі денсаулығына шипа тілейді. Кесене басындағы шырақшылар түрлі тылсым күшке куә болған, айтуларынша, талай жанның тілегі орындалған. Sputnik тілшісі кесене басына барып, талай оқиғаға қанық болып қайтты.

Әулие туралы аңыз…

"Ақбура әулие туралы нақты дерек жоқ. Ата-бабаларымыз айтып кеткен аңыз бойынша, ол Қ.Ясауидің замандасы әрі шәкірті болған. Оның әкесі, атасы, бабасы дін жолын ұстанған. Емшілік қасиеті болған деседі. Бұл қасиет Ақбура бабаға да дарып, ел ішінде зікір салушы атанған. Ақбураның шын аты Ақтамберді болған делінеді аңыздарда. Ақбура есімін Қ.Ясауи берген екен",-деді кесене шырақшысы.  

Шырақшы Төребек Айтбаев
© Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
Шырақшы Төребек Айтбаев

Астына ақ түйе мініп алып ерекше күшке ие болған Ақбура қазақ жерінде ислам дінін таратушылардың бірі болыпты. Ол памдат намазының екі бас сүннетін Қазығұрттағы бұлақ басында оқыса, қалғанын  Йассыдағы мешітте оқитын болыпты. Түйесіне мініп, тылсым күштің арқасында әп-сәтте Түркістанға жетіп баратын оның аузына үйілген ақ көбік иығына дейін төгіліп жүретін көрінеді. Міне, осыдан кейін оған Ақбура атанып кеткен. Бұл есімді Қожа Ахмет Ясауи берген делінеді аңыздарда.  

Жаз мезгілінде келушілер ұзын-сонар кезекке тұрады

Шырақшы Төребек Айтбаевтың айтуынша, мұнда жаз мезгілінде зиярат етушілер саны еселей түседі. Тіпті кесене алдында көлік қоятын орын болмай, келушілер ұзын-сонар кезекке тұрып жатады екен.

"Ақбура әулие кесенесіне тек облыс халқы емес, еліміздің түкпір-түкпірінен келіп зиярат етеді. Тіпті Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден, керек десеңіз сонау Германия, Австрия, Түркия елдерінен келетіндер бар. Әрине, олар тек осы кесенеге емес, өңіріміздегі өзге де киелі орындарды аралайды",-деді шырақшы. 

Келушілер түнеп, Алладан тілек тілейді. Ол үшін жағдай да қарастырылған. Жаздың күндері келушілер кесене ауласындағы сәкіні мекен етсе, күн ауасы салқындаған кезде шырақшының үйінде түнейді. Одан бөлек кесене ауласында киелі орынның тазалау, көгалдандыру сынды шаруашылық жұмыстарына жауапты шырақшы көмекшісінің отбасылық үйі бар.

Бұлақ суының арқасында псориаз дертінен сауыққан жасөспірім

Ақбура кесенесінің маңында бұлақ суы ағып тұр. Оны жергілікті халық "Ақбура" бұлағы деп атап кеткен. Зиярат етушілер алдымен кесене ішінде құран оқып, кейіннен бұлақ суын ішеді. Енді бірі ыдысқа құйып, өздерімен бірге алып кетіп жатады. Шырақшының айтуынша, бұлақ суының өзіндік емдік қасиеті бар. Бірі тері ауруларына пайдасы тиеді десе, келесі бірі бауыр-бүйректі тазартады деп айтып жатады. Зиярат етушілердің енді бірі бұлақ суымен шомылсақ, ерекше энергияға кенелеміз дейді екен. Айта кетерлігі, бұлақ суынан кейбір адамдарға жалыны бар ақ жылан көрінеді. Кесенедегілер оны періштеге балап отыр. 

  • Қазығұрт ауданында орналасқан Ақбура әулие кесенесі
    Қазығұрт ауданында орналасқан Ақбура әулие кесенесі
    © Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
  • Шырақшының көмекшісі Нұрғали Орашев
    Шырақшының көмекшісі Нұрғали Орашев
    © Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
  • Кесене ауласында шаруашылық жұмыстарына жауапты шырақшы көмекшісінің үйі бар
    Кесене ауласында шаруашылық жұмыстарына жауапты шырақшы көмекшісінің үйі бар
    © Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
  • Шырақшы жаз мезгілінде зиярат етушілер саны еселей түсетінін айтады
    Шырақшы жаз мезгілінде зиярат етушілер саны еселей түсетінін айтады
    © Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
1 / 4
© Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
Қазығұрт ауданында орналасқан Ақбура әулие кесенесі

Шырақшымен сұхбат барысында оның көмекшісі Нұрғали Орашев мына бір оқиғамен бөлісті.

Осыдан 7 жыл бұрын Шымкенттен бір жасөспірім әкесімен келеді. 16 жастағы қыз псориаз дертіне шалдыққан.

"Шыны керек, ана қызды көріп қатты жанымыз ашыды. Дерті асқынып кетіпті. Киім кисе, терісіне тиіп, ауырады. Бармаған жері қалмапты, дәрігері бар, емшісі бар еш нәтиже болмаған. Үстіне ақ мата жапқан қыз кесене ішінде дұға тілеп, кейін бұлақ суын алып, үстіне құйып кетіп жүрді. Араға екі-үш күн салып бір ай үзіліссіз келіп кетіп жүрді. Кейінірек әкесі бұлақ суының пайдасы тигенін, дертіне шипа болғанын айтты. Қазір ол қыз тұрмысқа шыққан, әлі күнге дейін келіп зиярат етіп тұрады",-деді шырақшының көмекшісі.

Ақбура кесенесіне тұрақты түрде келіп, құран оқып кететіндер баршылық
© Sputnik / Жансая Тәуекелқызы
Ақбура кесенесіне тұрақты түрде келіп, құран оқып кететіндер баршылық

Перзент сұрап, жолы ашылғандар да бар

Ақбура кесенесіне дертіне шипа сұрап қана емес, өзге де тілектері қабыл болуын тілейтіндер бар. Мәселен, осыдан 6 жыл бұрын оң жақта отырып қалған бір әйел азаматы келіпті. Өзі спортшы. Дене бітімі де ерлерге ұқсас оны құрбысы алып келеді. Кесенеде түнеп кеткен соң араға бір ай салмай әлгі қыз тұрмысқа шығыпты. Тағы бір жағдай, осы ауылда тұратын ерлі-зайыптылар перзент сүйе алмаған. Жеті жыл отандасқан олар ауылдың қариялары айтқан аңыз әңгімелерді естіп Ақбура кесенесіне зиярат етеді.

"Жеті жыл отандасқан ерлі-зайыпты кесенеге келе жатып үлкен бір тасты көрген екен. Отағасы тасты алып қараса арабша жазуды байқаған. Осында алып келді, онда "Алла" деп жазылыпты. Кейін бұлақ суына түскенде қайдан келгені белгісіз, күміс теңгені тауып алады. Әлгі ер кісі қуанып, тілегімізді қабыл ете гөр деп кесенеде түнейді. Тура тоғыз айдан соң перзентке зар болған ерлі-зайыптылар егіз ұлдың ата-анасы атанды. Негізі кесенеде түнесе, бірден құрсақ көтеріп кетеді екен деген нәрсе жоқ. Барлығы адамның ішкі тілегінде",-деді шырақшының көмекшісі.

Ақбура кесенесіне тұрақты түрде келіп, құран оқып кетіп жататындар баршылық. Шырақшы солардың бірі ретінде Жетісай ауданындағы бір кәсіпкер жігітті атап өтті. Автокөлік сатумен айналысатын жігіт көлік базарына темір тұлпарын шығармай тұрып бір күн бұрын кесенеде түнейді. Түнімен тілек тілеген оның ертеңіне саудасы жүреді екен. Осылайша ол кесенеге әр аптаның сенбісінде түнейді. Уақыт өте туыстарын да алып келіп жүр.

Аңыздарда Ақбураның шын аты Ақтамберді болғаны айтылады
© Sputnik / Жаная Тәуекелқызы
Аңыздарда Ақбураның шын аты Ақтамберді болғаны айтылады

"Кез келген адам бір нәрсеге мұқтаж ғой. Сондықтан киелі орындарды аралап, тілек тілейді. Бірақ кесенелерді араласа барлық адамның тілегі қабыл болып кетеді деуге тағы болмайды. Сондықтан "мен тілеп едім, орындалмады" деп қолды бір сілтеп кетудің қажет жоқ. Бүгін болмаса, ертең ниетің қабыл болуы мүмкін. Басты, ішкі тілек пен нииетте",-деді кесенедегілер.


6878
Кілт сөздер:
шипалы бұлақ, Ақбура әулие кесенесі, тылсым күш, шырақшы, ислам діні, Қожа Ахмет Ясауи, Қазығұрт ауданы, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты
Қостанай тұрғыны "жұмбақ" құдығының құпиясын аша алмай жүр
Әлемдегі ең тылсым музей: су астында қандай құпия жатыр?
Отқа оранған ғимаратта Құран кітабын өрт шарпымаған - видео
Шымкент қаласы

Қылмыстық іс қозғалды Шымкенттегі оқиғаға қатысты ресми ақпарат шықты

1296
Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Шымкент қалалық полиция департfменті мейрамханада болған атыстың мән-жайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 тамыз күні Шымкент қаласында Қазиев көшесінде орналасқан "Гранд-Прага" мейрамханасында атыс болды. Екі адам жарақат алды. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауруханаға жеткізілді. 

"Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") және 287-бабы ("атыс қаруын заңсыз сақтау және тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.

Тергеушілер күдіктілерді анықтады. Оларды ұстау шаралары қолға алынды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіргені үшін 8-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ауыр жағдайлар болса, мүлкi тәркiленуі мүмкін. Бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Ал қару-жарақты заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін айыпппұлдан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

1296
Кілт сөздер:
адам өлімі, Шымкент, қылмыстық іс
Тақырып бойынша
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті
"Пакетпен қылқындырған": Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады
Шымкентте көшеде екі баланың анасын кім ұрып кеткені белгілі болды
Кісен, архивтегі сурет

Полиция Жамбыл облысында болған жағдайға қатысты түсініктеме берді 

1916
(Жаңартылды 16:42 11.08.2020)
Әлеуметтік желілерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабар тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Жамбыл облыстық полиция департаменті Қасқабұлақ ауылында болған жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәртіпсіздіктердің тоқтамай жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Авторлар оқ атылғанын және адамдардың мектепте тығылуға мәжбүр болғанын айтты.  

Полицияның мәліметіне сәйкес, 11 тамызда сағат түнгі 01.30-да Талас ауданының полиция бөлімшесіне Қасқабұлақ ауылындағы бұзақылық туралы хабарлама түскен. 

"Полиция қызметкерлері "БМВ-525", "Тойота-Камри" және "ВАЗ-2107" автокөліктерін мінген 14 адамды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар Талас ауданының  полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды. Сондай-ақ осыған қатысты мән-жай анықталуда", - дейді тәртіп сақшылары. 

Облыстық полиция қазіргі уақытта жағдай тұрақты және басқа да қоғамдық тәртіп бұзушылықтардың тіркелмегенін жеткізді.  

"Полиция департаменті тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрайды. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз", - деді полицейлер.

 

1916
Кілт сөздер:
түсініктеме, полиция, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
"Төрт адам ұсталды": министр Шорнақ ауылындағы тәртіпсіздік жайлы айтты  
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстың видеосы жарияланды 
Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев маңызды тапсырма берді
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0