Нан

Қостанайда қыз бала нанмен бірге ағаш жаңқасын жұтып қойды

58
(Жаңартылды 19:53 09.10.2018)
Дүкеннен сатып алынған нан бөлкесінде ірі ағаш жаңқасы жүрген

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Он төрт жастағы қыз нанмен бірге ағаш жаңқасын жұтып қойып, өлім аузынан қалды, деп хабарлайды "Алау" порталы.

Басылымға қыз баланың анасы хабарлағандай, бөлке нанды дүкеннен сатып алыпты. Жасөспірім нан жеген соң, жұтқыншағы ауыра бастайды. Тамағында тұрып қалғанды әрі қарай жұтып жіберу үшін халықтық әдістерді пайдаланса да, еш нәтиже бермеген. Келесі күні дәрігер баланы қарап, тамақтың қабынуына қарсы спрей жазып беріп, үйіне қоя береді. Алайда қыздың хәлі нашарлай түскен – ыстығы көтеріліп, мойынын бұра алмай, тіпті сөйлеуге шамасы келмей қалған екен.

Сол кезде анасы қызын облыстық ауруханаға апарып, дәрігерлерге ФГДС жасатады. Соның арқасында өңешке қадалып қалған ағаш жаңқасы табылған. Жалпы наркоз беріп, затты алып шыққанда, өлшемі 23 те 3 миллиметр екені анықталды.

Қыз баланың толық айығып кетуіне ұзақ уақыт керек болған екен.

Ал наубайхана кешірім сұраумен ғана шектеліпті. Отбасы наубайшыларды сотқа берді.

58
Кілт сөздер:
ағаш жаңқасы, нан, қыз бала, Қостанай
Тақырып бойынша
Полиция 11 айлық сәбидің денесіне кімнің ине тыққанын анықтады
Денесінен қыруар ине табылған сәби дәрігерлерді шошытты
Ақтауда қыз баланың асқазанынан 3,5 келі шаш шықты
Загрузка...