Кітап, архивтегі фото

Шерхан Мұртаза дүниеден озды

280
(Жаңартылды 21:05 09.10.2018)
Халық жазушысы 1932 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген."Қара маржан" және "Қызыл жебе" романдарын жазған

АСТАНА, 9 қазан  — Sputnik. Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының жетекшісі Берік Уәли  Facebook-тегі парақшасында хабарлады.   

"Халық жазушысы Шерхан Мұртаза өмірден өтті", — деп жазды ол.

Шерхан Мұртаза Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Талапты ауылында 1932 жылы туған. 

Шерхан Муртаза
Шерхан Муртаза

1955 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 

1980-1989 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, 1989-1992 жылдары  "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы.  

1990-2004 жылдар аралығында бірнеше рет парламент депутаты болды.  

1992-1994 жылдары "Қазақстан"мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарды.  

Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Тұңғыш кітабы — "Құрылысшы Дәку" очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді.  "Табылған теңіз" (1963), "Бұлтсыз күнгі найзағай" (1965), "Белгісіз солдаттың баласы" (1967), "Мылтықсыз майдан" (1969), "41-жылғы келіншек" (1972), "Ахметжанның анты" (1973), тағы басқа повестері мен "Интернат наны" (1974), "41-ші жыл келіні", "Жүрек қартаймайды"атты әңгімелер жинағы жарияланды.

 "Қара маржан", "Қызыл жебе", Қара алқа", "Қызыл садақ" роман-трилогиясы басылды. 

 "Сталинге хат", "Бесеудің хаты", "Бесінші бұрыш" пьесаларының авторы.

"Құрмет белгісі", "Отан" ордендерімен марапатталған (1999). "Қара алқа" романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының (1978); Қазақстандық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, Жалпыодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағы, "Тарлан" тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты (2000). ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы (1992). Қырғыз Республикасының Халық ақыны. 


280
Кілт сөздер:
Қызыл жебе, роман, жазушы, Шерхан Мұртаза
Загрузка...