Өңірлер

Адасып кеткен аңшы екі тәулік жапан далада түнеген

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуҚамыс
Қамыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аңшылыққа шыққан 56 жастағы ер адам адасып, достарынан қалып қойған

АТЫРАУ, 10 қазан — Sputnik. Атырау облысында жоғалып кеткен ер адамды екі тәулік бойы даладан іздеген, деп жазады "Мой город".

Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО тауларында қыз бен жігіт адасып кеткен

56 жастағы ер адам төрт жолдасымен бірге 5 қазанда аңшылыққа арнайы көлікпен аттанған екен. 

Келесі күні көліктері арнаға ағып кеткендіктен, лагерге жаяу қайтуға мәжбүр болады. Бірақ әрқайсысы әр бағытта кетеді, ақыры біреуі сол кеткеннен оралмапты.

Жарық және дыбыс белгілерін беріп, іздесе де, табылмайды. Сегізінші қазанда аңшылар қалаға оралып, құтқарушылардан көмек сұраған.

Құтқару қызметі 100 километрден астам қашықтықты арнайы техникамен жүріп өтіп, түске қарай ер адамды аман-есен тауып алды. Сөйтсе, аңшы қамыс арасында адасып кетіпті.

Жаңалықтар
0