Сот

Ақтөбеде басы бәлеге қалған судья жаңа қызметке ие болды

325
(Жаңартылды 16:40 14.10.2018)
Мұратғали Әкетайдың әріптестерінің сөзіне сүйенсек, ол жиналыста өзін өте дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан

АҚТӨБЕ, 13 қазан — Sputnik. Ақтөбе облыстық сотының бұрынғы төрағасы Мұратғали Әкетайды әріптестері үкім шығарар кезде өзін дөрекі ұстап, қысым көрсетті деп айыптаған болатын. Судья енді Павлодар облыстық сотының қылмыстық коллегиясын басқарады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қазанда еліміздің сот корпусында бірталай тағайындаулар жүргізді. Елбасының жарлығымен бірнеше облыстық, аудандық соттардың төрағалары, сонымен қатар бірқатар сот коллегиясының басшылары тағайындалды. Олардың арасында Мұратғали Әкетай да бар. Ол Павлодар облыстық соты қылмыстық істер бойынша коллегия төрағасы қызметіне келген.

Мұратғали Әкетай
© Photo : Ақтөбе облыстық сотының ресми сайты
Мұратғали Әкетай

Болған оқиға

Ақтөбе судьялары Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың атына ұжымдық хат жолдап, сот жүйесі қызметкерлерінің арасында күдікті ахуал қалыптасқанын хабарлайды. Ал ұжым облыстық сот төрағасының ықпалымен жік-жікке бөлініп отыр екен. Хат авторлары жазғандай, Мұратғали Әкетай жиналыстарда өзін өте дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан.

Ал Әкетайдың өзі қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Біраз уақыттан соң жұмысқа келуді де қойды. Кейінірек белгілі болғандай, Әкетай Астанаға Жоғарғы соттың судьялық этика бойынша комиссия отырысына кеткеннен ізім-ғайым жоғалған. Мән-жайды Жоғарғы сот баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков  Facebook парақшасында түсіндірді.

Сөйтсе, этика бойынша комиссия отырысы өтердің алдында Мұратғали Әкетай Ақтөбе облыстық сотындағы қызметінен босатуды сұрап, өтініш жазған екен. Әріптестерінің айтқаны рас па, өтірік пе – әзірге белгісіз.

325
Кілт сөздер:
жанжал, жаңа қызмет, судьялар, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Төрт ай вице-министр болған Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды
Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды
Назарбаев Қазақстанның Франциядағы елшісін жаңа қызметке тағайындады
Талғат Донақов жаңа қызметке тағайындалды
Экс-министр Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Шаңды дауыл

Бұршақ жауады дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

1821
(Жаңартылды 20:03 20.09.2020)
Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонның әсері сезіледі. Жаңбыр мен бұршақ жауатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда 21 қыркүйекте оңтүстікте шаңды дауыл болады, орталықта - дауыл, оңтүстік-шығыста - тұман.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метр.

Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.

Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл.

Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысында тұман, күн күркірейді, жел күшейеді.

Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада жауын-шашын болады, түнде +8..+10 градус, күндіз +14..+16 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус.

Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27.

1821
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

911
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

911
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0