Шынжыр

Қостанай тұрғыны 5 мың долларын тартып алғандарды қуамын деп істі болды

374
(Жаңартылды 15:28 16.10.2018)
Аталған қылмыстық іске қатысты басты сот отырысы 29 қазан күні өтеді

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қостанай қаласының №2 сотына 1988 жылғы азаматқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Ол ҚР заңнамасына қарама-қайшы әрекеттер жасап, бұзақыларды өз бетімен жазаламақ болғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды

2018 жылдың 19 ақпанында "West" түнгі клубының маңында екі азамат Қостанай тұрғынын соққыға жығып, оның қалтасындағы 5 500 АҚШ долларын күштеп тартып алады. Кейін екі азамат оқиға болған жерден қашып кетеді.

Полицияға хабар берудің орнына тұрғын қолына ағаш алып, таксимен екі азаматтың соңынан қуады. Сондай-ақ, бұзақыларды аңду барысында өзінің Қостанай облыстық ІІД-де жұмыс істейтін ағасына хабарласып, "Халық банктің" филиалына қарай бет алғанын айтады.

Ағасы өз кезегінде полицияға хабарласуға кеңес беріп, бауырына қарай 520KYA01 нөмірлі "Lexus RX270" көлігіне отырған бір азаматты бағыттайды.

Қостанай тұрғыны өзінен ақша тартып алғандардың бірін банк ғимараты маңында қолға түсіріп, сол жерде аяусыз соққыға жығады. Кейін ақшасын ұрлаған екінші азаматты іздеуге кетеді. Бұл әрекеті нәтижесіз болғандықтан, банк маңына қайтып келіп жерде жатқан азаматты тағы да ұрады.

Араға біраз уақыт салып осы жерге ІІД қызметкерінің бауырына бағыттаған азамат келеді. Үшеуі көлікке мініп жолға шығады. Орта жолда тұрғын ІІД-де жұмыс істейтін ағасымен жолығып, Қостанай қаласындағы ІІБ орталық операция басқармасына бет алады. Жол-жөнекей тұрғын полицияға хабар беріп қойғанына қарамастан, өзін жәбірлеген екінші азаматты аяусыз соққыға жығады. Бұл азамат қашып үлгеріп, "Зеленый" дүкенінде жасырынады.

Бұзақыларды өз бетімен жазаламақ болған тұрғын ҚР ҚК 389-бабы, 3-бөлімі бойынша айыпталып отыр. Басты сот отырсы 29 қазан сағат 15:00-де өтеді.

374
Кілт сөздер:
азамат, доллар, тұрғын, бұзақы, ақша, Қостанай
Тақырып бойынша
Қостанайда полицей өлі табылды: құнды заттарына ешкім тиіспеген
Қостанайда 4 полицей төбелесіп қалды
Қостанайда жасөспірімнің жантүршігерлік қазасына әпкесі себеп болды
Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған
Қостанайда тыр жалаңаш көшеде жүрген ер адам жауапқа тартылды
Қостанайда үйде босанған әйел қайғылы жағдайға душар болды
Қостанайда қонағын балталап өлтірген әйелге жеңіл жаза берілді
Қыз, архивтегі фото

Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды

3991
19 жастағы Ұлпан Әсеннің өз бетінше жұмыс істеп, ақша табуына отбасы қарсылық білдірген, содан кейін ол Алматыға қашып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Осыдан екі апта бұрын Түркістан облысының Отырар ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен Алматыдағы базарлардың бірінен табылды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Оқи отырыңыз: Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті 

19 жастағы Ұлпан Әсен аман-есен, қазір үйіне жеткізілді. Туыстары студент қыз ешкімге ештеңе айтпастан Алматыға өз бетімен кетіп қалыпты деді. Оны балмұздақ сатып жүрген жерінен тауып алғандарын айтты.

"23-і күні Ұлпан қарындасымды жоғалтып алған едім. Сол қарындасымды таптым. "Алтын Ордада", "Барлық" базарында құймалы балмұздақ сатушы болып істейді екен", - дейді туған ағасы Айдар Жақыпбеков.

Ағасының айтуынша, Ұлпан мұның алдында өз бетінше жұмыс істеп, ақша тапқысы келгенін білдірген. Алайда, жас қыздың жұмысқа шығуына үйдегілер қарсылық танытыпты. Сөйтіп, Ұлпан Алматыға қашып кеткен.

Айта кетейік, оны Түркістан мен Алматы полициясы және еріктілер екі апта бойы іздеген болатын.

3991
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, бойжеткен
Тақырып бойынша
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз жоғалған әжей табылды
Алматыда жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды
Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді
Нурлан Аубакиров

Қарағанды әкімі желіде шу тудырған жағдайға қатысты түсініктеме берді видео

1027
Қарағанды әкімінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирінен кейін қолданушылар оның сағатын қызу талқылаған болатын. Бұл сағаттың 5 мың доллар тұратыны айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров желіде қызу талқыланып жатқан қымбат сағаты қайдан келгенін айтты. 

"Тікелей эфирге шығар алдында шешіп тастаған сағатыма 10 жыл болды. Ulysse Nardin сағаты. Оны маған 2010 жылы 35 жасқа толған кезімде жақындарым сыйға тартты. Бұған дейін түсірілген суреттерді көре аласыздар. Бұл менің сағатым, жасырған емеспін", - деді әкім.

Ол қаланы аралап келген соң ыстықтап галстук пен сағатын алып тастағанын қосқан. Басқа ойым болмағанын жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

Еске сала кетсек, Қарағанды әкімінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирінен кейін қолданушылар оның сағатын қызу талқылаған болатын. Бұл сағаттың 5 мың доллар тұратыны айтылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

1027
Кілт сөздер:
түсініктеме, сағат, видео, әкім, Қарағанды
Тақырып бойынша
Әкімнің тойдағы даулы мәлімдемесі желіде қызу талқылануда – видео   
Қазақстанда бірнеше әкімнің үстінен іс қозғалды
Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды
22 жасында әкімнің кеңесшісі болған Самира Тайтенова жайлы не білеміз
Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

1
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

1
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды