Өңірлер

Дәрігерлер қателігіне бола 15 рет ота жасатқан бойжеткен өзіне қол салмақ болды

CC0 / StockSnap / Бойжеткен айнаға қарап тұр
Бойжеткен айнаға қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан ерніне зақым келген Мәдина Пернееваға осы күнге дейін 15 рет ота жасалған

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстандық бойжеткен Мәдина Пернеева дәрігерлердің бір қателігіне бола осы күнге дейін 15 рет ота жасатуға мәжбүр болған. Айтуынша, соңғы төрт жылда сыртқа тек бетперде киіп шығады. Мұнымен қатар, ота салдарынан бүлінген түрімен жұртты шошытып алмау үшін сыртта жүргенде тамақ жемеуге тырысады. 

Бұл жайсыз жағдайға қалай тап болғанын Мәдина Пернеева өзі баяндап берді.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістан облысында сәбидің бетіндегі дақ 3 келі ісікке айналды
"Бастапқыда он шақты ота жасады, бірақ еш нәтиже бермеді. Бір күні үйге келсем, ешкім жоқ екен. Осы сәтті пайдаланып өзіме қол салмақ болдым. Сол күні ауруханаға барғаным үшін қатты өкінемін. 31 мамыр күні анам екеуіміз Түркістан қаласынан Сарыағашқа тойға бара жатқанбыз. Түнгі сағат бірлер шамасында біз отырған көлік жүк көлігімен соқтығысып қалды. Екінші көліктің темірі менің бетіме келіп тиді. Яғни менен басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Ернімнің үстіңгі бөлігі қатты зақымдалды", — дейді бойжеткен Қазақстан арнасының "Қарекет" бағдарламасында.

Осы жол апаты болған кезде бойжеткен көп қан жұтып, Түркістан қаласында оған шұғыл ота жасалды. Араға алты ай салып оған Корея дәрігерлері пластикалық ота жасап, бетін толықтай қалпына келтірген. Алайда шетелдік дәрігерлер жақ сүйек пен тісті емдей алмайтындарын айтып, басқа мамандарға жүгінуге кеңес берген.

"2016 жылы 20 сәуір күні облыстық аурухананың хирург мамандарына жолықтым. Олар "Сүйегің жұқарып кеткен, соны қалыңдату керек. Ол үшін сүйекті басқа жеріңнен ет кесіп алып қаптаймыз" деді. Ол етті бетімнің ішкі бөлігінен алса да, түрімнің еш бүлінбейтіндігіне сендірді. Наркоздан оянғаннан кейін тілімнің біртүлі болып тұрғанын сезіп, дәрігерлерден айна сұрадым. Айнадан өзімді көрген кезде жүрегім дүрсілдеп, жылап жібердім. Сол сәтте өзім жатқан ауруханадан қашып кеткім келді. Өз көзіме өзім сене алмадым", — деп ашынды бойжеткен.

Тағы оқыңыз:

Мәдина Пернееваға жалпы жансыздандырумен 9 ота жасалған. Сондай-ақ, мамандар денесінің белгілі бір бөлігін жансыздандыру арқылы 6 ота жасаған. Дәрігерлер әр ота жасаған сайын бет-әлпетінің қайта қалыпқа келетінін айтып сендіріп отырған. Бойжеткен дәрігерлер қателігі салдарынан әлі күнге дейін құрбы-құрдастарымен еркін араласып, үйден шыға алмай отырғанын жеткізді.

Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Рымбаева бетіне жасалған пластикалық ота туралы айтты
"Далаға медициналық бетпердесіз шықпаймын, көшеде тұрған кезде тамақ жемеймін. Адамдардың көзіне түспеу үшін үйден шықпаймын. Соңғы кездері өзімді тоқтатып, әлі күресуге дәрменім бар деп шештім. Оның үстіне ата-анама жаным ашиды. Өз-өзіме келіп, әрі қарай күресе беремін деп өзіме уәде бердім", — деді бойжеткен.

Қазақстандық заңгер Тілеужан Кішкенебаев өз кезегінде дәрігерлерді бас бостандығынан айырғаннан гөрі олардан материалдық шығын өндіру әлдеқайда тиімді екенін айтып өтті.

"Қылмыстық кодексте "Дәрігердің өз жұмысына немқұрайлы қарауы" деген 317-бап бар. Оның ішінде науқасқа келтірілген зиянға байланысты ауыр немесе орта дәрежедегі секілді болып бөлінеді. Дәл қазір қарындасымызға қандай дәрежеде зиян келгенін білмеймін. Бұл нақты қателік салдарынан болып отырған жағдай. Қателеспейтін адам болмайды. Сондықтан бұл қыздың әрі қарайғы болашағы үшін қандай да бір қаражат керек болса, осы мәселені қарастыру керек", — деді Тілеужан Кішкенебаев.

ҚР ҚК 114-бабында денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтіру — кінәлі азаматқа жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе екі айға дейінгі мерзімде қамауға алынады.

Тағы оқыңыз:

Ал абайсызда денсаулыққа зиян келтіру — кінәлі азаматқа мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады, сондай-ақ, бір жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0