Өңірлер

Теңіз кен орнында 20-дан астам жұмысшы ауруханаға түсті

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуДәрітамызғыштың архивтегі суреті
Дәрітамызғыштың архивтегі суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда вахталық елді мекенде эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Теңіз кен орнындағы "Болашақ" вахталық елді мекенінен 20-дан астам жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

Тамақ салынған тәрелке - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкент дәмханасында қонақтар кешкі астан уланып қалды

ATPress.kz Атырау облысының қоғамдық денсаулықты сақтау департаментіне сілтеме жасап хабарлағанындай, кеше "Монтажспецстрой" АҚ-ның  22 қызметкері астан уланды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген.  

"Алдын ала диагноз — гастроэнтероколит. Клиника: локсу, құсу, дене қызуы 37-38, әлсіздік. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жеңіл және орта деп бағаланып отыр. Олардың барлығы "Болашақ" вахталық елді мекеніндегі асханада тамақтанып жүрген", — деп хабарлады департамент БАҚ-қа.  

Олардың айтуынша, науқастардың барлығы орталық аудандық ауруханаға жатқызылған, қазіргі таңда жұқпалы аурулар дәрігері қарап, консультация беріп жатыр.  

Сондай-ақ эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп, тамақтан улануға не себеп болғаны анықталуда.    


Жаңалықтар
0