Намаз

Ақмола облысының ауруханасында намаз оқыған дәрігер сотта жауап берді

1195
(Жаңартылды 09:03 19.10.2018)
Прокурор дәрігерлердің жұмыс кабинетінде намаз оқуы намазхананы заңсыз ұйымдастыру болып табылатынын сотта дәлелдей алмады

КӨКШЕТАУ, 18 қазан – Sputnik. Ақмола облысында ауруханада намаз бөлмесін ашты деп айыпталған дәрігер ақталып шықты, деп хабарлады тілшісі сот қаулысына сілтеме жасап.

Дін істері басқармасы "Ақмола облыстық ауруханасы" МКК анестезиология және кардиореанимация бөлімінің 33 жастағы меңгерушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы – "Діни ғұрыптарға қойылатын талаптарды бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Олардың айтуынша, дәрігер кеңседе рұқсатсыз және тіркеусіз намаз бөлмесін ашып, онда құлшылық жасаған және   діни материалдар мен заттарды сақтаған.

Көкшетау әкімшілік соты құқыбұзушылықтың болмауына байланысты намазхан дәрігерге қатысты істі тоқтатты, себебі облыстық аурухана мемлекеттік мекемеге жатпайды.

Прокуратура  Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес мемлекеттік сектор мемлекеттік меншікке негізделген ұйымдардан тұратынын, оғанАқмола облыстық ауруханасы да кіретінін алға тартып, наразылық білдірді.  

Процесс кезінде дәрігер К. жұмыс жүктемесіне байланысты барлық дәрігер демалатын бөлмеде намаз оқитынын түсіндірді. Ауруханада кеңесуге арналған ординаторлық бөлме бар. Дәрігердің екі куәгері намазды меңгерушінің бөлмесінде немесе ординаторлық бөлмеде оқитынын айтты.

Апелляциялық сот дәрігерлердің кеңседе оқыған намазын намазхана ұйымдастырды деп қарастыруға болмайды және жергілікті атқарушы органдарда тіркеу қажет емес деп тапты.

Сот Көкшетау әкімшілік сотының шешімін күшінде қалдыру туралы қаулы шығарды.  


1195
Кілт сөздер:
құлшылық, намазхана, дәрігер, сот, намаз, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Қазақстан президенті дін көшбасшыларына ұсыныс жасады
Діни қызмет туралы заң жобасы: Хиджабқа тыйым салына ма?
Мұхамедиұлы кесенеде намаз оқитындар туристерді шошытатынын айтты
Мұнара кранының үстінде намаз оқыған адам видеоға түсіп қалды
Загрузка...