Өңірлер

Ақтөбеде лифтіде өлген тележүргізушінің күйеуі кешірім бермеді

© SputnikЖарылқасын Ақжанов, механик
Жарылқасын Ақжанов, механик - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тележүргізушінің өліміне себепші болған лифтінің жөндеушісі 4 жылға колонияға қамалды

АҚТӨБЕ, 19 қазан — Sputnik. Сот Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің біріне орнатылған лифт ішінде өлген тележүргізуші ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды тілшісі.

Ер адам лифт жөндеп жатыр - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші ісі: сотта жаңа деректер шықты
Жантүршігерлік оқиға биыл 4 сәуір күні болды. "Қазақстан-Ақтөбе" арнасының тележүргізушісі Айзат Әбдісамат сол күні жұмыстан келе жатқан күйеуін күтіп алмақ болады. Әйел қызымен бірге лифт кабинасына кіреді. Бірінші баланы өткізіп жіберіп, кейін өзі кірмек болғанда лифт есігі жабылып, жоғары қарай жүріп кетеді. Әйел қызының көзінше өлді.

Кінәлілер қанша жылға сотталды?

Бүгін Ақтөбе қаласындағы №2 соттың судьясы Ербол Әбдіхалықов айыпталушыларға үкім оқыды. Ол ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне сәйкес, "Талаптарға сай келмейтін қызмет түрін көрсету" бойынша "Жаңабек-сервис" ЖШС жетекшісі Кенен Жаңабек пен кәсіпкерліктің механигі 62 жастағы Жарылқасын Ақжановты кінәлі деп таныды.

Кенен Жаңабеков шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот, сондай-ақ, оны коммерциялық ұйымдарда бес жылға дейін басшы болуға тыйым салды.

Тағы оқыңыз:

Ал Ақжанов төрт жылға колонияға жабылды. Сондай-ақ, ол әйелдің отбасына 2 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Сот әйелдің өліміне оның өз жұмысын дұрыс атқармауы себеп болғанын айтты.

"Оның жүрегіне ота жасалды. Сол себепті, жасағандары үшін оған төрт жыл жеткілікті деп ойлаймын", — деді Ержанов.

Тележүргізушінің күйеуі Қайыржан Ержанов сот үкіміне қанағаттанды. Оның айтуынша, Ақжанов өз кінәсін мойындамаған және марқұмның отбасынан кешірім сұрамаған. 

© SputnikАқтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізушінің күйеуі
Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізушінің күйеуі - Sputnik Қазақстан
Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізушінің күйеуі

Сотталушы кінәсін мойындамады

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, тележүргізушінің өліміне себепші болған лифт дұрыс жөнделмеген. Ақжанов тергеу барысында да, сотта да өз кінәсін мойындамады.

Жәбірленушілердің оған көп жыл жаза сұрауы осы нәрсе себеп болған. Ал оның басшысы Жаңабеков өз кінәсін мойындағандықтан, марқұмның туыстары оған шартты жаза беруді сұраған.

Жаңалықтар
0