Ақша

Қазақстанда екі прокурор пара алғаны үшін ұсталды

1006
(Жаңартылды 12:14 22.10.2018)
Екі прокурор пара алып, өз қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Қостанай және Алматы облыстарында шара жүргізу барысында пара алған және қызметін асыра пайдаланғандар ұсталды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысында Қарасай ауданының прокуроры жер учаскелеріне қатысты заңсыз әрекеттер жүзеге асырған. Ол жердің пайдаланылу мақсатын өзгерту арқылы оны заңсыз рәсімдеуге көмектескен. Дәл осындай 102 жағдай болғаны анықталды. Қазір бұл жерлер ҚР жер қорына қайтарылды.

"Қызметін асыра пайдаланғаны үшін Аязбаевтың ісі сотқа берілді және ол прокуратура органдарынан қуылды. Сондай-ақ, арнайы лауазымынан айырылды", — деп хабарлады бас прокуратурадағылар.

Қостанай облысы Таранов ауданының прокуроры Шалабаев 750 мың теңге көлемінде айыппұл алғаны үшін ұсталды. Бұл ақшаны ол жергілікті кәсіпкерлердің бірінен талап еткен. Ол 19 қазан күні параны алып тұрған жерінен қолға түсті.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталғанға дейін Шалабаев тергеу изоляторында қамауда болады.

1006
Кілт сөздер:
ұсталды, Бас прокуратура, сот, пара, ақша, Қазақстан
Тақырып бойынша
ШҚО-да лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауар өткізу үшін 13 млн теңге пара алған
45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Пара беріп ұсталған "Қазавтожолдың" экс-басшыларының бірі асылып қалды
Әлемде жыл сайын берілетін пара көлемі анықталды
БҚО-да 101 миллион теңге пара алған шенеунік сотталды
Таразда тергеуші дәмхана және монша есебін төлету арқылы пара алған
Ерлан Біләл сан миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін
Загрузка...