Өңірлер

Шымкентте дәретханада баласын ұрған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

© Photo : paolatinaБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде кәмелет жасқа толмаған балаға күш қолданылғаны түсірілген бейнежазба жарияланды

ШЫМКЕНТ,23 қазан — Sputnik. Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының дәретханасында баласын ұрған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайты тілшісі.

Әйел Қылмыстық кодекстің140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша заң алдында жауап береді.

бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған келіншек өз әрекетін түсіндірді

Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше, инстаграмм әлеуметтік желісінде кәмелет жасқа толмаған балаға күш қолданылғаны түсірілген бейнежазба жарияланған. Полиция қызметкерлері оқиғаның Шымкент қаласында болғанын анықтап, баласын ұрған әйелді іздестірген. 

Бейнежазба негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

Тергеу амалдарына байланысты полиция күдіктінің аты-жөні жарияланбайтынын мәлімдеді.

Инстаграмм әлеуметтік желісінде тараған видеода әйел жылап жатқан баласына қарамай, жан-жағындағы әйелдермен ұрсысып, сөккені байқалады.

Желі қолданушысы бейнежазбаға: "Бүгін Шымкентте жұмыспен қамту бөлімінің əжетханасында болған. Баласын ұрып, теуіп жатқан əйелдің араша түскен адамдарға айтқан сөзі…", — деп жазба қалдырған.


Жаңалықтар
0