Өңірлер

Түркістанда бес жұлдызды қонақүй бой көтереді

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области, Самат МырзалиевRIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйін салуға кәсіпкер Серікжан Сейітжанов 10 миллиард теңге жұмсайды

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Маусым айында Түркістан облысының орталығына айналған қаласында алғашқы бес жұлдызды қонақүй салынады.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, қонақүйдің атауы RIXOS KHADISHA TURKESTAN болмақ. Оның пікірінше, облыста туризмді дамыту үшін осындай деңгейдегі қонақүй керек.

"Өңіріміз тарихи және мәдени мұраға, ескерткіштерге бай. Мұндай жерлерге туристердің ағылып келетіні сөзсіз. Сол себепті туристік инфрақұрылымды барынша жақсартуға тырысуымыз керек. Бұдан бөлек, шетелдік қонақтарды дұрыс қарсы алу үшін сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Осы орайда да жоғары деңгейлі қонақүйдің маңызы зор. Қалада туристер емін-еркін жүріп-тұра алатын болса, туристердің саны да арта түседі", — деді Түймебаев.

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области / Самат МырзалиевRIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы - Sputnik Қазақстан
1/2
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы
© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области / Самат МырзалиевRIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы - Sputnik Қазақстан
2/2
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы
1/2
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы
2/2
RIXOS KHADISHA TURKESTAN қонақүйінің жобасы

Жобаның жалпы құны — 10 миллиард теңге. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.

Қонақүй кәсіпкер Серікжан Сейітжановтың өз қаражатына салынады. Ол Қазақстанның ең беделді 50 бизнесмені қатарына кіреді. "Саутс-Ойл" мұнай компаниясының президенті әрі иесі, сонымен қатар Standart Cement және Talas Investment Company зауыттарына иелік етеді.

Жаңалықтар
0