Шерхан Байзенов, ұстаз

Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған ұстазға қатысты сот үкім шығарды

3361
(Жаңартылды 13:21 26.10.2018)
Мұғалімнің арнайы инспекцияның рұқсатынсыз тұрғылықты мекенжайын, жұмыс орнын және білім ордасын ауыстыруға құқығы жоқ

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Шығыс Қазақстанда мектеп ұстазының төрт жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды сот залынан тілшісі.

Мектепте ұстаз болып жұмыс істейтін Шерхан Байзенов 19 қазан күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өлгеннен кейін Facebook желісінде оны пышақпен жарақаттағандарды мақтап пост жазған. Сондай-ақ, постта марқұмды "қытайлық" деп шатастырған.

Осы посттан кейін қоғамда резонанс туып, мұғалімнің үстінен іс қозғалды. Өз кезегінде Байзенов Денис Теннің кім екенін білмейтінін айтып ақталған. Сондай-ақ, ол қазақстандықтарға кешірім сұрап видео үндеу жолдады.

Тағы да оқыңыз: 

Сотта Шерхан Байзенов жылап кешірім сұрап, сырқаттанған анасына қарауы керектігін айтқан.

Азаматтың төрт жылға бас бостандығы шектелді. Яғни ол арнайы инспекцияның бақылауында болып, ай сайын өзі туралы ақпарат беріп отырады. Бұдан өзге азаматтың осы инспекцияның рұқсатынсыз тұрғылықты мекенжайын, жұмысын және оқу орнын өзгертуге құқығы жоқ. Жұмыс пен оқудан бос уақытын тұрғылықты мекенжайы бойынша өткізуге мәжбүр.

Естеріңізге сала кетсек, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматының орталығында ұрылардың қолынан өлді. Спортшы олардың көлігінің айнасын ұрлағалы жатқан жерден үстінен түсіп, кейін соңдарынан жүгіреді. Осы кезде ұрылардың бірі Денис Тенді пышақпен жарақаттайды. Араға бірнеше сағат салып Денис Тен көп қан жоғалтқандықтан, ота үстелінде көз жұмды. Ол небәрі 25 жаста еді. 

3361
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанаушы, спортшы, кешірім, үкім, сот, Денис Тен, Шығыс Қазақстан
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
"Өлімге құштарлық". Адам өмірден өтетін күнін өзі таңдайтыны рас па?
Психоаналитиктер Денис Теннің әндері кімге арналғанын айтты
Денис Теннің өліміне қатысты іс: әйелге қандай айып тағылғаны белгілі болды
Қазақстан полициясы Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрай ма?
Денис Теннің өлімі: Арман Құдайбергеновтің 10 күн бұрын Астанада ұсталғаны рас па?
Денис Теннің өліміне соттың кінәсі бар ма? Адвокаттың пікірі
Денис Теннің өліміне кім кінәлі? Қасымовтың отставкаға кетуімен мәселе шешіле ме?
Загрузка...