Экскаватор

Алматыда әкесі туған қызын экскаватормен басып кетті

1164
(Жаңартылды 17:26 27.10.2018)
Ер адам салмағы бірнеше тонна болатын көліктің маңында ойнап жүрген қызын көрмей қалған

АЛМАТЫ, 26 қазан — Sputnik. Алматы қаласының маңында экскаватор жүргізушісі көлік маңында ойнап жүрген 2 жасар қызын көрмей, оны басып кетті. 

Қайғылы оқиға Алматы қаласының маңындағы Көлсай шағын ауданындағы жекеменшік секторда болды.

Ер адам үйіне келіп, экскаваторын қақпаның жанына қояды. Араға біраз уақыт салып көлікке отырып, жұмысқа оралады. Осы сәтте ол көлік маңында ойнап жүрген жасы екіге де жетпеген қызын көрмей қалады.

2 жасар бөпе сол жерде ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше өлді. Қазіргі сәтте оқиға болған жерде жедел тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бала өліміне ата-анасының қаншалықты қатысы бар екені тергеу және сот кезінде анықталатын болады.

1164
Кілт сөздер:
басып кетті, экскаватор, қыз бала, әкесі, Алматы
Тақырып бойынша
Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео
Жүк көлігі бір табын сиырды басып кетті – жантүршігерлік видео
Полиция көлігі тротуарға шығып, адамдарды басып кетті - видео
Алматыда өрт сөндіру көлігі он жасар қызды басып кетті
"Джип" жол шетінде келе жатқан зейнеткерді үш рет басып кетті – видео
Жүргізуші мерекелік отшашуға қараймын деп адамдарды басып кетті
Алматы облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні басып кетті
Загрузка...