Өңірлер

Еліміздің 7 облысында дабылды ескерту жарияланды: ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуборан
боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел соғып, қар жауады, кей жерде үсік жүреді

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды

28 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с, екпіні 30 м/с болады. 

Алматы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Демалыс күндері Қазақстанда күн суытып, қар жауады
Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да күшті болады деп болжанып отыр. 29-31 қазанда түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді. 

Таразда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с болады. 29-31 қазанда түнде 1-3 градус үсік болады.

28-30 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. 

Астана қаласында 28-30 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 28 қазанда батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Қар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Өскемен қаласында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін, Семейде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

28 қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с болады.

28 қазанда тәулік бойы Қостанай облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-ке дейін жеетді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Петропавлда күндіз қатты жел соғып, тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Жаңалықтар
0