Жедел жәрдем, архивтегі фото

Түркістан облысында жантүршігерлік апат: жылқының кесірінен 5 адам өлді

1429
(Жаңартылды 17:50 06.11.2018)
"МАЗ" жүк көлігі жолға жүгіріп шыққан жылқыны қағып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Лексус" көлігіне соқтығысқан

ТҮРКІСТАН, 5 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Шардара ауданында жол-көлік оқиғасынан 5 адам қайтыс болды. 1 адам ауыр хәлде жан-сақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды тілшісі. 

5 қарашада шамамен түнгі сағат 01:00 шамасында "МАЗ" жүк көлігі жолға жүгіріп шыққан жылқыны қағып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан "Лексус" көлігіне соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы кезінде "Лексус" автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы көз жұмды. Қайтыс болғандардың үшеуі – Өзбекстан азаматы. Тағы бір жолаушы —  өзбекстандық ауыр жарақатпен аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді", — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова. 

Оның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

"МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі, Қызылорда облысының тұрғыны қамауға алынып, жол бойына шығып кеткен жылқының иесі іздестірілуде. Оқиға бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, полиция қызметкерлері оқиға орнында тексеру жұмыстарын жалғастыруда.  


1429
Кілт сөздер:
жылқы, трагедия, жол апаты, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында басқарма басшысы отбасымен жол апатынан қаза болды
Алматы-Бішкек жолында көлік апатынан 21 адам зардап шекті - видео
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
ҚТЖ пойыз апатынан қаза тапқан баланың отбасына өтемақы төлейді
Загрузка...