Дәрігер ине салып жатыр

10 жасар туған қызын аяусыз зорлап келген павлодарлыққа үкім шықты

9230
(Жаңартылды 15:26 08.11.2018)
Ер адам әйелі қайтыс болған уақыттан бері 10 жасар туған қызын зорлап келген

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Әйелі қайтыс болғаннан кейін туған қызын зорлап келгенін сот дәлелдеген Павлодар тұрғыны 16 жылға колонияға қамалды және химиялық жолмен піштірілетін болды.

Журналистер үшін процестің жабық болғанына қарамастан, іс кәмелеттік жасқа толып үлгермеген қызға қатысты болғандықтан, үкім оқылатын сот отырысына бұқаралық ақпарат өкілдері кірді, деп хабарлайды .

Сот материалдарынан 33 жастағы павлодарлықтың әйелі қайтыс болғаннан кейін бірнеше мәрте 10 жасқа толып үлгермеген қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі.

Әкесінен қандай қорлық көріп жүргенін қыздан туысы кездейсоқ білген. Ол полицияға хабарласып, кейін бірден ер адамнан қызын алып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бірнеше ай ішінде полицейлер педофилдің кінәсін дәлелдейтін жеткілікті мөлшерде айғақтар жинап, 6 қараша күні Павлодар облысының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында оған үкім оқылды — 16 жылға бас бостандығынан айырылды және химиялық жолмен піштірілмек.

Тағы оқыңыз: 

Сотталушы осы жылы химиялық жолмен піштірілетін жетпіске жуық қылмыскерлердің бірі болмақ. Мемлекет осы процедураға 9,5 миллион теңге жұмсайды. Алдағы жылы осы жаза түрі 152 қылмыскерге қолданылады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Айгүл Мүкішеваның айтуынша, препарат қылмыскерлерге өмір бойына тағайындалып, оларға айына үш рет салынатын болады.

"Уақыт өте келе қылмыскерді химиялық жолмен піштіріп отыру мерзімін ұзарту немесе қысқартуды комиссия шешеді. Тоқтату үшін психиатрлар қылмыскердің педофилияға бейімділігі жоқ деген шешім шығаруы тиіс", — деді ол.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар химиялық жолмен піштірудің педофилдерді азайтуға көмектеспейтінін атап өтті. Мысалы, оны алкогольмен араластыратын болса, препараттың күші жойылады. Алайда әзірге химиялық піштіруді қандай жазамен алмастыруға болатыны белгісіз.

9230
Кілт сөздер:
педофил, әкесі, теңге, сот, химиялық піштіру, Павлодар, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды
Ауылда 13 жасар қызды зорлап, өлтіргеннен кейін полицейлер жазаланды
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
Өскеменде гараждардың маңынан өтіп бара жатқан бойжеткенді зорлап кетті
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Зейнеткер саяжайдағы үйінде немересінің 8 жасар құрбысын зорлап тастады
Ақтау қаласы

Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарады - жұрт нені талап етіп отыр

901
(Жаңартылды 10:02 04.08.2020)
Әлеуметтік желіде адамдар "оларға карантин режимін бұзуға болады, сонда бізге не болмайды?" деп жазып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Белсенді Мұхтар Үмбетов Бибіжамал Әбләзімованың жанасына жүздеген адам жиналуына байланысты полиция департаменті басшысы мен санитарлық дәрігерді отставкаға жіберуді талап етіп отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова өмірден озды. Өңірдегі шектеу шараларына қарамастан, жүздеген адам марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға барған.

Алайда бұл жағдайды көптеген тұрғындар қолдамай отыр. Өйткені облыста адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынған, соның ішінде жаназа мен ас та бар. Тек марқұмның жақын туыстары ғана болуы тиіс.

Бұдан бөлек, көп адам мен көліктің жиналуына байланысты қаладағы қозғалысқа кедергі келтіріліп, жолдар жабылғаны айтылып отыр. Ал полиция болса, мұны жоққа шығарып, барлық адамдар қашықтық сақтағанын алға тартты.

Әлеуметтік желіде адамдар "оларға жасауға болады, сонда бізге не болмайды?" деп жазып жатыр. 

"Маңғыстау облысы полициясының басшысы және санитарлық дәрігер қызметінен босатылуы керек. Шараға қатысқан барлық шенеуніктерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуі қажет. Олар айыппұл төлеп, тәртіптік жазаға тартылуы тиіс", - деді телеарнаға Мұхтар Үмбетов.

Өңірлік полиция Бибіжамал Әбләзімовамен қоштасу рәсімін ұйымдастырғандар карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Олар 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) көлеміндегі айыппұл төлейді.

901
Кілт сөздер:
жаназа, видео, Ақтау
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
Ақтауда педофил ұсталды - видео
Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

181
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

181
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды
ҰБТ кезінде аудиторияда отырған ата-аналар

Қазақстанда ата-аналар жиналысы өтеді премьер-министр тапсырма берді

0
Білім министрінің айтуынша, ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсетудің маңызы жоғары

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин республикалық ата-аналар жиналысын өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі онлайн отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері пысықталды. Осы орайда премьер-министр оқушылар мен мұғалімдердің дайындығына баса назар аудару қажеттігін атап, 25 тамызға дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтауға тапсырма берді. Иинтернет-платформаларда және теледидарда қажетті контент толық көлемде болуы шарт. Ал ата-аналар үшін республикалық жиналыс ұйымдастырылады.

"Оқыту әдістемесін толық пысықтап, 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыруды тапсырамын", – деді Мамин.

Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа оқу жылына дейін ата-аналар мен балаларға үйде білім алу мәселелері бойынша арнайы сынып сағаттары да ұйымдастырылады.

"Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды. Біз бұны төртінші тоқсанның нәтижесінде көрдік. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға үйде қалай оқу керек, гигиена негіздері, кибермәдениет, интернет арқылы қалай оқу керек және дене жаттығуларының маңызы туралы бірыңғай сынып сағаттары, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстарын өткізуді жоспарлап отырмыз", – дейді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Ата-аналар кірмейді: мектептерде "кезекші сыныптар" қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде алдын ала болжам бойынша биыл интернет мен  теледидар арқылы 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала және шалғай ауылдарда штаттық режимде 157 мыңнан астам оқушы білім алады.

0
Кілт сөздер:
ата-аналар жиналысы, білім беру
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алматылық ата-аналар Сағынтаевқа шағымданамын деп опық жеді
Бейсенбі күні республикалық ата-аналар жиналысы өтеді
Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?
Ата-аналар қашықтан оқудың машақаты туралы айтып берді - видео
Қазақстандық ата-аналар 16 жасқа дейінгі балаларын үйден шықпай-ақ тіркей алады