Өңірлер

Қостанайда жас әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

© Photo : СС0 / Free-PhotosӘйел адам
Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайдың құқық қорғау органдары Елена Войтенконың із-түзсіз жоғалуына байланысты іздеу ісін қозғапты

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Қостанай полициясы 30 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған 35 жастағы Елена Войтенконы бір аптадан бері іздеп жатыр. Оның қайда екені әлі беймәлім.

Қостанай полициясы Оңтүстік бөлімінің мәліметі бойынша, Елена Войтенко 9 шағын аудандағы пәтерінен шығып, содан бері оны ешкім көрмеген. Жас әйелдің телефонына қоңырау шалып көргенмен, еш нәтиже бермеді, деп хабарлайды "Костанайские новости".

© Photo : Қостанай облысы полиция департаментіЕлена Войтенко
Елена Войтенко - Sputnik Қазақстан
Елена Войтенко

Елена Войтенконың сырт келбеті: бойы 170-172 сантиметр, дене бітімі арық, сары шашты. Сарғыш түсті ұзын пальто, қара леггинс киген.

Әйел адамның қайда екені туралы білетін жандарға келесі нөмірлерге хабарласуға өтініш айтылды: +7 702 492 99 92, +7 747 655 21 63, +7 (7142) 52-68-61, +7 (7142) 52-68-50 (кезекші бөлім), немесе 102.

Жаңалықтар
0