Өңірлер

Алматыда Денис Тенге мемориалды тақта орнатылғаннан кейін шу шықты

© Sputnik / Айгерім ТаубайАлматыда Денис Тенге мемориалды тақта орнатылды
Алматыда Денис Тенге мемориалды тақта орнатылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сахнада ілінген баннердегі "Олимпийских игр" деген сөздің орнына "Олимпиский игр" деп қате жазылып кеткен

АЛМАТЫ, 7 қараша — Sputnik. Бүгін Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туып өскен үйіне мемориалды тақта орнатылып, ашылу салтанаты өтті. Шара аяқталған соң сахнада ілінген баннерден орфографиялық қателер табылып, шу шықты, деп хабарлады тілшісі. 

Желі қолданушылары баннердегі қатеге наразылық білдіріп, толассыз пікір білдіріп жатыр. Журналист Нәзия Жоямергеннің айтуынша, бүгінде баспаларда қазақ тілді жастар жұмыс істейді. 

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің туып-өскен үйіне мемориалды тақта орнатылды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Тенге мемориалды тақта ашылды: Ресейдің атақты жаттықтырушысы арнайы ұшып келді

"Қазір баспа агенттіктерінде қазақ тілді жастар жұмыс істейді. Олар қатемен жазуы әбден мүмкін. Орыс тілі олардың ана тілі болмағандықтан, бұл қалыпты жағдай. Бұл қатеге баннерді растағандар кінәлі. Ештеңеге қарамастан, Денис чемпион болып, халқының сүйікті ұлы болып қала береді, сондықтан бұл  жағдайды асыра сілтеудің қажеті жоқ", — деп жазды журналист. 

Вера Ляховская есімді желі қолданушысының айтуынша, мұндай қателік қай тілде жазылғанына қарамастан жіберілмеуі керек. 

Өзге де қолданушылар "Қазақ тілінде қате жазылған қаншама жарнама бар, сонда неге осылай шуламайсыңдар?" деп наразылығын білдірді.

Баннерді шығару жұмыстарына S-Print баспасы жауапты болған. Шу шыққаннан кейін компанияның басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

"Құрметті, Денис Теннің жанкүйерлері. Баннердегі "Олимпийских игр" деген сөздің орнына "Олимпиский игр" деп кеткен қате үшін кешірім сұраймыз. Бізге стенд жасауға тапсырыс берді, бірақ мәтін терген кезде қате кетіп қалыпты. Бөтен ойымыз болған жоқ. Тағы да кешірім сұраймыз. Біз де миллиондаған қазақстандық сияқты даңқты чемпионымыздың қазасына қайғырудамыз", — деді "S-Print" директоры Серік Сыдықбекұлы.

Жаңалықтар
0