Жамбыл көшесіндегі сквер

Бір жылдың ішінде Петропавл қаласы өзгеріп шыға келді

60
(Жаңартылды 16:23 08.11.2018)
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумының арқасында Петропавл қаласының қалай өзгергенін Sputnik тілшісінің материалынан оқи аласыздар

ПЕТРОПАВЛ, 8 қараша — Sputnik. Көптен күткен күн келді! Бүгін Петропавлда "Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері" көрмесімен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы ашылады. Форумға мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады. 

Форумға дейінгі ұзақ жол

Әуелде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын Петропавлда 2016 жылы өткізу жоспарланған еді. Ол кезде үлкен дайындық жүргізілді – көшелер жөнделіп, қонақүйлер салына бастады, ескірген әуежай қалпына келтірілді.

Петропавл қаласы
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавл қаласы

Ал мемлекет басшыларының кездесуі өтетін үлкен зал он жылдан астам тұралап қалған ғимараттан тұрғызылатын Достық үйінде орналасуы тиіс еді. Бірақ жоспар жүзеге аспай қалды. 2016 жылғы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы Астанада өтетін болды. 

Құрылысы он жылдан астам тұралап қалған ғимарат Достық үйінде айналуы тиіс еді
© Sputnik / Елена Бережная
Құрылысы он жылдан астам тұралап қалған ғимарат Достық үйінде айналуы тиіс еді

2017 жылы форум Челябі қаласында өтті. Жиында Ресей президенті Владимир Путин СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың фамилиясын естіп таңғалып, оны "дана әкім" деп атады. Бұл өңір үшін жақсы белгі болса керек – осыдан кейін келесі жылы ынтымақтастық форумы туризм тақырыбына арналатыны және Петропавлда өтетіні хабарланды. 

Жаңа оқушылар сарайы

Сөйтіп, дайындық басталып кетті… Былтыр маусым айында өңірге келген премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "жоғары мәртебелі қонақтарды қарсы алуға қаланы дайындау үшін көмектесу кере" деп айтты. Сондай-ақ үкімет басшысы президенттердің осынау оқиға үшін арнайы салынатын Оқушылар сарайында кездесетінін жеткізді. 

Құрылыс қарқын алды. 70 жылдан бері тұрған ескі жер үйлердің орнына қазіргі заманғы Оқушылар сарайы пайда болды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ғимаратты салуға 3,6 миллиард теңге жұмсалды. IT бағыттағы АҚШ, Италия, Германия, Қытай мен Ресейде өндірілген қондырғылар 2 миллиард теңгеге сатып алынды. 

Петропавлдағы оқушылар сарайы
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавлдағы оқушылар сарайы

16 кабинет пен зертхана көп ұзамай петропавлдық оқушылар үшін есігін айқара ашады. Бірінші қабатта киностудия мен дыбыс жазу студиясы, вакуумдық кинотеатр, анимациялық студия болады. Екінші қабатта коворкинг-орталық орналасады, бұл жерде оқушылар түрлі жобалар жасап, оларды іске асырады. Осы қабатта физика, электромеханика, LEGO, SDR радиосы, 3D-үлгілеу, робототехника и мехатроника кабинеттері бар. 

Петропавлдағы оқушылар сарайы
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавлдағы оқушылар сарайы

Бұдан бөлек, оқушылар сарайында музей, сондай-ақ балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беретін бейнелеу-әсемдік бағыттағы секциялар болады. Күніне бұл жерге 300 бала келе алады. 

Теннис корты мен туристік көрме

Форумға дайындық барысында тағы бір маңызды және қажет нысан салынды – әмбебап қазіргі заманғы теннис орталығы. Ол оқушылар сарайына қарама-қарсы орналасқан және осы жерде форум аясында ауқымды туристік көрме өтетін болады. Бұл нысан Қазақстанның теннис федерациясының бастамасымен салынып отыр.

Петропавлдағы теннис орталығы
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавлдағы теннис орталығы

2019 жылдың басында теннис орталығында алғашқы халықаралық турнир өтеді. Мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізуге келісім бар.  Спорт алаңқайларында волейбол және баскетболмен де айналысуға мүмкіндік болады. Кешен төрт жабық және үш ашық корттан тұрады. Көрермендер залына 1200 адам сыяды. Бұдан бөлек, ойынды адамдар дәмханадан да тамашалай алады. Сондай-ақ тренажер және конференция залдары бар. 

Саябақтар мен ерекше аялдамалар

2018 жылы Петропавл үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды. Облыс орталығында абаттандыру бойынша көп жұмыс жасалды. Мәселен, биыл жазда Пестрое көлінің жағажайы түрленіп шыға келді. Оны кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Кеспе тастар төселіп, ойын алаңқайлары, жаңа шамдар орнатылды, 100-дей ағаш отырғызылды. Демалуға келушілерге ыңғайлы болу үшін екі автотұрақ іске қосылды. 

Жамбыл көшесіндегі саябақ
© Sputnik / Елена Бережная
Жамбыл көшесіндегі саябақ

Қаладағы жаңа әдемі саябақтар тұрғындарды қуантып отыр. Жамбыл көшесінің бойындағы саябақта ұлттық нақыштағы архитектуралық мүсіндер мен декоративтік шамдар орнатылған. 

Жұмабаев көшесіндегі саябақ та жаңартылды – бұл жерге "Шаңырақ" архитектуралық мүсіні қойылды. Ол Қазақстан халқының достығын білдіреді. Қизатов көшесіндегі саябақ та көркейтілді. 

Жамбыл көшесіндегі саябақ
© Sputnik / Елена Бережная
Жамбыл көшесіндегі саябақ

Петропавл көшелерін жарықтандыру бойынша үлкен жұмыс жасалды. Жаңа 800 сүйеніш және 2000 светодиодтық энергия үнемдейтін шам орнатылды. Сонымен бірге көшедегі жарықты басқаратын жүйе енгізілген. Осының арқасында электр энергиясын үнемдеу жылына 62%-ды құрайтын болады, қала бюджеті 12 миллион теңгеге үнемделеді. 

Бұған қоса, биыл қаладағы 17 км жол жөнделді. Көп қабатты үйлердің қасбеті боялып, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қалпына келтірілді. Ал бірінші лицей алдында ашық кітап түріндегі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар кітапханасының жанындағы кітап сөресі пішініндегі аялдама павильондары көз қуантпай қоймайды. 

Кітап сөресі түріндегі аялдама
© Sputnik / Елена Бережная
Кітап сөресі түріндегі аялдама

Қонақтарды батыр қарсы алады

Петропавлға кіретін жолдар да жөнге келтірілді. 50 жылда алғаш рет қаладағы теміржол вокзалы жөнделіп жатыр. Лифтілер, эскалаторлар, жұмсақ орындықтар орнатылмақ. Әуежайға апаратын жолдар да жөнделді, әуежайдың өзінде үлкен ұшақтарды қабылдайтын жол кеңейтілді. Егер бұрын ТУ-154 секілді ұшақтар қона алмаса, қазір әуежай барлық ұшақ түрін қабылдай алады. 

Қожаберген жырау ескерткіші
© Sputnik / Елена Бережная
Қожаберген жырау ескерткіші

Ал қалаға кірер жерде форум қонақтарын аты аңызға айналған қолбасшы және ақын Қожаберген жырау қарсы алады. Биіктігі 5,5 метр және салмағы 5,5 тонна қоладан құйылған ескерткіш Астана жағынан кіретін жолда орнатылған. Ескерткіштің авторы – белгілі қазақстандық мүсінші Қазбек Сатыбалдин. 

Әйгілі қонақүйдің құрылысы бітпей қалды

Дегенмен, форумға бәрін салып үлгермеді. Петропавлдағы халықаралық деңгейдегі алғашқы Hampton by Hilton қонақүйі инвестордың қаржылық қиындығына байланысты дайын емес. Сондықтан форум қатысуышларын басқа қонақүйлер мен жалдамалы пәтерлерге орналастырады.

Петропавлдағы Hilton қонақүйі
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавлдағы Hilton қонақүйі

"Петропавлда 19 қонақүй мен жеті пәтер бюросы бар, бұл форумның барлық қонағын қарсы алуға жетеді. Қала бұл шараны өткізуге толыққанды дайын", — деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметіндегілер. 

"Есіл" мейрамханасындағы жөндеу жұмыстары да бітпей қалды. Бұл жерде қонақтарды тамақтандыру көзделген еді. Десек те, форум меймандары аш қалмайды, оларды қаладағы 27 мейрамхана қарсы алады. 

60
Кілт сөздер:
оқушылар сарайы, өңіраралық ынтымақтастық форумы, батыр, Қожаберген жырау, Петропавл
Тақырып:
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы (19)
Тақырып бойынша
Қазақстанда 13 қала ауыл мәртебесін алуы мүмкін
Кеңес одағын армандап жүрміз бе? Алматыны жабық қала ету кімге керек?
Қазақстанда жаңа қала бой көтереді
"Шымкент" кварталы Тәжікстанның Худжанд қаласында пайда болады
Еліміздегі ауасы ең лас қалалар белгілі болды
Астана мен Алматы ресейлік туристер үшін танымал қалалар бестігіне кірді
Шымкент: архив кадрларындағы қалалар
Семей: мұрағаттық кадрлардағы қалалар
Загрузка...