әйел мен бала

Баланы көрпемен тұншықтырған тәрбиеші ісі: ата-анасы жазаның тым жеңілдігіне наразы

369
(Жаңартылды 19:21 11.11.2018)
50 жастағы тәрбиеші 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілуі немесе 75 күнге қамалуы мүмкін

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Теміртауда 2 жасар бүлдіршінді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот басталды. Ел тұрғындарын дүрліктірген оқиғаны облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша мамандандырылған сот қарап жатыр. 

50 жастағы тәрбиеші "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамау және қатыгездік таныту" бабымен айыпталып отыр. Енді ол 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілуі немесе 75 күнге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Алайда, бүлдіршіннің анасы жазаның тым жеңілдігін айтып, қатыгез педагогты соттауды сұрайды. Басқа да ата-аналардан жауап алынады. Тіпті, қоқынышты көріністі 4 ай бойы телефонда сақтаған тәрбиешінің көмекшісі де куәгер ретінде шақырылған. 

"Баланың ұйқысы нашар. Қатыгездік пайда болған. Әркімнен өзін қорғағысы келеді де тұрады. Мазасыз. Бірақ, тым кішкентай болғандықтан оны дәлелдей алмай отырмыз. Баланы тұншықтыруға болады. Ал, кінәлі адамды жауапқа тарту қиын екен. Біз Нананың психикалық соққы алғанын дәлелдеу үшін тек бір жыл өткен соң ғана психиатриялық емханаға оны 1 ай бойы жатқызып, емдетуіміз керек екен. Бұл дұрыс емес. Тәрбиешіні соттау керек деп есептеймін", — дейді баланың анасы Анна Баркалая. 

Тағы оқыңыз:

Биыл тамызда 2 жасар бүлдіршінді балабақшада көрпемен тұншықтырып жатқан тәрбиешінің видеосы әлеуметтік желілерде жылдам тарап, үлкен шу туғызған еді. Кейін оқиғаны оның көмекшісі түсіріп алып, балабақша директорын бопсалағаны анықталған. 

369
Кілт сөздер:
сәби, балабақша, сот, тәрбиеші, Теміртау
Тақырып бойынша
Алматыда бес айлық сәбиді арбаға салып, көшеге тастап кеткен
Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған
Сәбиді қорқытып жібердік: Путин жылаған баланың даусын естіп, сөзін тоқтатты
Қылмыстық іс: медбике ата-анасы тастап кеткен сәбиді ұрып-соқты
Терезеден құлаған сәбиді оқиға куәгерлері қағып алды
Солтүстік Қазақстанда 3 сынып оқушысы 2 жасар сәбиді өлім аузынан алып қалды
Түркістан облысында аптап ыстықта сөмкеде жатқан нәресте өлуге шақ қалды
Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео
Павлодарда ақтүтек боранның кесірінен нәресте шетінеп кетті
Загрузка...