Оқушы

Оралда 9 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті

376
Баланы іздеу кезінде орындыққа қалдырып кеткен рюкзагы табылған

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Оралда ата-анасы мен полицейлер 9 жастағы Ескендір есімді баланы іздеп жатыр. Ол бүгін мектепке кетіп, бірақ білім ордасына сол беті бармаған.

Баланың анасы айтқандай, ол мектепке дайындалып жатып, үйден шығар кезде он екі жарымда әдеттегідей қоңырау шалған, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Алайда, әйелдің айтуынша, бала мектепке бармапты.

"Ол әлетте "Юбилейная" немесе "Урал" аялдамасына дейін жетіп, әрі қарай мектепке (№19) жаяу баратын. Бүгін әдеттегідей 12.28-де маған хабарласып, мектепке бара жатырмын деді. Содан бері көрген жоқпыз. Хабарлассақ, алмайды. Қазір телефоны мүлдем өшіп жатыр", — дейді Ескендірдің анасы.

Оның сөзіне сүйенсек, бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған, отбасында айғай-шу жоқ, бала ешқашан сабақтан қалып көрмепті. Ескендірді іздеген кезде "Қазақстан" кинотеатрының жанындағы орындықтан мектепке ұстайтын рюкзагы табылған.

Ер бала қара күрте, басына сұр бас киім киіп, мойнына сұр шарф таққан.

Әйел адам полицияға арыз берді, Ескендірді көрген адам болса, келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды:  8-711-226-4362, 8-705-277-8805, 8-775-135-5257, немесе 102.


376
Кілт сөздер:
іздеу шаралары, жоғалып кету, бала, Орал, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Қостанайда жас әйел жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Астанада атомның татуировкасын салдырған қыз жоғалып кетті
Қазақстанның шығысында үш баласымен жоғалып кеткен әйел табылды
Қарағандыда "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Қақпаны өзі ашқан: Балқашта екі жасар бала жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Загрузка...