Су

Аяздың кеселі: Риддер тұрғындары ауыз суға зар болып қалды

26
(Жаңартылды 17:34 17.11.2018)
Риддер тұрғыны ауыз сусыз қалмау үшін неден тайынбайтынын айтты

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қазақстанның шығысында орналасқан қалада үш күннен бері ауыз су жоқ.

Риддердегі мектептерде сабақ қысқартылған, балабақшалар жарты күн ғана істейді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі хабарлағандай, мұндай ахуал ауа райы қолайсыздығына байланысты туындаған. Аяз салдарынан мұз қатып, арнаны бітеп тастапты.

Мамандар мәліметі бойынша, қазір арнаны үш арнайы көлік жылытып, ерітіп жатыр. Жерасты тоған іске қосылғанымен, арыны жетпей жатыр. Сол себепті бірқатар ауданның тұрғындарына ауыз суды басқа жақтан тасып жатыр.

Қала тұрғыны Мария Яковлеваның сөзіне сүйенсек, ауыз су мәселесі жылма-жыл туындайды.

"Мұз қатып қалды дейді. Алдыңғы жылы екі апта сусыз отырдық қой деймін. Тура Жаңа жылдың алдында. Биыл бірнеше рет сусыз қалған кезіміз болды. Кейде қар ерітеміз, су тасушыларды аңдимыз. Жұмыстан алып келеміз. Қай жерде мүмкіндік болса, алуға тырысамыз", — дейді Яковлева.

Бұл жолы суды алдын ала дайындап қойыпты.

Риддер әкімдігі ауыз су мәселесін тез арада шешуге уәде берді.

26
Кілт сөздер:
мұз, аяз, тұрғындар, ауыз су, Риддер, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда ыстық және суық су қымбаттады
Құдықтан су алып жатқан үш жігіт опат болды
Астанада үйдегі краннан жасыл түсті су ағуы мүмкін
Маңғыстау облысында 50 млрд теңгеге су тұщыту зауыты салынады
30 күн бойы сұйықтықтан су ғана ішсе не болады?
Загрузка...