Ер адам

"Аяғым батпақта! Бұтақтан ұстап тұрмын" Бәлеге душар болған ақтөбелік әлі табылмай жатыр

1918
(Жаңартылды 20:48 15.11.2018)
Туыстарына қоңырау соққаннан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам әлі табылған жоқ

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Ақтөбе облысында құтқарушылар мен еріктілер 54 жастағы фермерді іздеп жатыр, деп хабарлайды Times.kz жергілікті порталы.

1964 жылы туған Кенжебай Алдашев Ақтөбе түбіндегі Заречный ауылында тұрады, басқа ауылда құс фермасын ұстайды. 9 қарашада таңғы бес кезінде ағасына соңы рет хабарласқан. 

"Аяғым батпақта! Бұтақтан ұстап тұрмын", — деді Кенжебай Алдашев телефоннан. Жақын маңда көлік дыбысын естіп, шам жарығын көргенін де айтқан. Ағасы бірден құтқарушыларға хабар береді, олар бәлеге душар болған ер адаммен байланысқа шығады, алайда оны әлі таба алмай жатыр. Сол күні кешкі алтыдан кейін фермермен хабарласу мүмкін болмаған.

Жоғалып кеткен ер адамның қызы Айжан айтқандай, геолокация мәліметі бойынша бір SIM-карта әкесінің Ақжарда жүргенін көрсетеді, ал екіншісі – Ақшатта. Оның сөзіне сүйенсек, әкесі алысқа кетемін деп айтпаған көрінеді.

Кенжебайды бүкіл арнайы қызметтік иттер және квадракоптердің көмегімен іздеп жатыр. Туыстары мен еріктілер де кез келген шұңқыр мен канализация құдықтарын тексеріп жүр.

Отбасы өңірдің бүкіл тұрғындарынан іздеуге көмектесуді сұрайды.

Алдашев Кенжебай Мұханбетұлының түр сипаты: азиялық келбетті, бойы 170-175 см, дене бітімі орташа, шашы қара, домалақ жүзді, қара көзді, тік мұрынды, қара қасты, жұқа ерінді, бетінде күйік орны бар.

Киген киімі: қара түсті қысқы күрте, қара шалбар, қара қысқы етік, қара жемпір.

Алдашев Кенжебайдың қайда екенін білетін жандар болса, келесі нөмірлерге хабарласа алады: 102, 8 (7132) 99-69-25, 99-68-02 (Ақтөбе қаласы, Заречный полиция бөлімі) және 98-45-44 (Ақтөбе ІІБ).

Кенжебай Алдашев
Кенжебай Алдашев
1918
Кілт сөздер:
ер адам, жоғалып кету, оқыс оқиға, Ақтөбе облысы
Загрузка...