Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты

Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты

4328
(Жаңартылды 20:34 16.11.2018)
Шымкентте үйлену тойында қонақтардың арасында жанжал шығып, біреуі оқ және пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді

ШЫМКЕНТ, 16 қараша – Sputnik.  Шымкенттегі салтанат сарайының бірінде өткен үйлену тойында жанжал шығып, қонақтардың біріне оқ атып, пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды тілшісі.  

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қарашаның 14-нен 15-не қараған түні той үстінде бірнеше ер азаматтың арасында жанжал туындаған. Содан біреуі травматикалық қарудан екіншісінің маңдайы мен ішіне оқ атса, үшіншісі оның кеудесіне артқы жағынан пышақ сұғып жарақаттаған.

"Жанжал шығарғандар "Мазда" көлігімен қашып, бой тасаламақ болған кезінде полиция қызметкерінің көлігіне соқтығысқан", — деді полиция департаментіндегілер. 

Жарақат алған адам қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Жанжалға қатысқандар мен қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталған. Бірнеше сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

4328
Кілт сөздер:
қонақ, атыс, қылмыс, жанжал, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Анасын өлтірді: Шымкентте сотталған жігіт "не үшін?" деп жылап жіберді
Шымкентте дәретханада баласын ұрған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте полицейге шабуыл жасалды
Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген
Видеоүндеу: Шымкентте жазасын өтеушілер түрмедегі біраз былықтың бетін ашты
Шымкентте зорланған баланың әкесі қайтыс болды
Шымкентте мал бағып жүрген баланы атып кеткен дөкейді полиция ұстады
"Өзім - Қазына, балам - Құдайберген" Шымкентте тұрған америкалық әйелдің әңгімесі
Загрузка...