Өңірлер

Қарағандылық инженер лотереядан 24 млн теңге ұтып алды

CC0 / Lukas / Ер адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам лотерея ойнауды сонау кеңес заманында бастап, көптеген ұтысқа ие болған

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Қарағандылық инженер лотереядан 24 564 426 теңге (64 мың доллардан астам) ұтып алды.   

 Дулат есімді Қарағандының 50 жастағы тұрғыны супер-жүлдені жеңіп алды. Ставкалардың бірі "5 нөмір + бонустық шар" ұтыс комбинациясына сәйкес келген. 

Өзінің айтуынша, лотереяны көптен бері ойнайды екен. 1200 теңге тұратын жүлделі билетті 21 қарашада сатып алған.  

"Лотереяны сонау кеңес заманында, жас кезімде-ақ ойнай бастадым. Шамамен 40 жыл бойы ойнап жүрмін, жиі ұтып тұрамын. 25 жасымда 168 рубль ұтып алдым, біз бұл ақшамен Анапаға бардық. Лотереядан ұтыс алудың арнайы әдісі жоқ" – деді бақытты жан.

30 қарашада Satty Zhuldyz лотерея компаниясының президенті Александр Тен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында банк бөлімшесінен ұтысты аудару туралы есеп-қисапты жариялады.

Салық төлегеннен кейін Дулат қолына 22 миллион 109 мың теңге алды. 


Жаңалықтар
0