Науқас

Ақтөбеде менингитпен ауырған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

148
(Жаңартылды 11:23 11.12.2018)
Жасөспірім өзін-өзі емдемек болып, дерті асқынған кезде ғана дәрігерлерге барған

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбеде жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде 11-сынып оқушысы ауыр халде жатыр.

Аурухана
© Foto : Региональная служба коммуникаций Атырауской области

"Мой ГОРОД" жергілікті порталы хабарлағандай, оқушы менингитпен ауырып қалыпты. Ауруханаға түскен кезде, ыстығы көтеріліп, үсті-басында дақтар пайда болған.

Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиеваның сөзіне сүйенсек, жасөспірім ауыр халде жатыр, бірақ жағдайы бір қалыпты.

Кейінірек белгілі болғандай, оқушы бір аптадай үйде жатып өзін-өзі емдепті.

"Жасөспірім 25 қарашада ауырған. Бастапқыда суық тию белгілері болыпты – мұрнынан су ағып, жөтеліп, тамағы ауырады. Өкінішке орай, ол өзін-өзі емдемек болып, ыстығын түсіретін дәрі ішкен", — делінген өңірдің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарламасында.

Жеті күннен соң жағдайы төмендеп кетеді, сол кезде ғана ол дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.

Осы жайттан кейін онымен байланыста болған 39 адам тексерілді. Дәрігерлер оларды бақылап отыр.

148
Кілт сөздер:
жансақтау бөлімі, оқушы, науқас, менингит індеті, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Астанада менингит жұқтырған тағы 2 оқушы ауруханаға жатқызылды
Астана қаласында 8 оқушы менингитпен аурухана түсті
Астанада менингит жұқтырған 1-сынып оқушысы ауруханаға түсті
Ақтауда іріңді менингитпен ауырған әскери қызметкер қайтыс болды
Қазақстанда тағы бір студент аяқ астынан көз жұмды
Загрузка...