АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
©
Sputnik / Алексей Мальгавко
"Күшті антициклон Красноярск аймағының оңтүстігіне ығысып, оның батыс бөлігі Қазақстанның батысынан басқа облыстардың ауа райына әсерін тигізетін болады. Әдетте, антициклон ықпалынан ауа райы суық және жауын-шашынсыз болады, сондықтан алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды", — деп хабарлайды синоптиктер.
Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сондықтан мұнда кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болады және ауа температурасы шамалы көтеріледі.