Өзен

"Бұтақтан ұстап тұрмын!" Ақтөбеде жоғалған фермердің денесі табылды

2479
Ер адам бір айдай бұрын туыстарына қоңырау шалып, жоғалып кеткен, ол көрші ауылға жете алмаған

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Бұтақ өзенінің жағасындағы тоғайдан адамның денесі табылды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

"Сейсенбі, 5 желтоқсанда күні, осы жылдың 9 қарашасында із-түзсіз жоғалған Алдашев Кенжебай Мұханбетұлының мәйіті табылды", — деді полиция қызметкерлері.

Фермердің қалай қайтыс болғаны анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.

1964 жылы туған Кенжебай Алдашев Ақтөбенің іргесіндегі Заречный елді мекенінде тұрған. Ол көрші ауылдағы ағасының үйіне шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған.

    

 Туыстарының айтуынша, соңғы рет телефон арқылы хабар берген.

"Аяғым балшыққа батты! Бұтақтан ұстап тұрмын!", — деген Алдашев жақын жердегі көліктің дауысын естіп, жарығын көргенін айтқан.

Ер адамды іздеуге құтқарушылар жіберілді, бірақ олар жоғалған адамды бірден таба алмады.

 


2479
Кілт сөздер:
мәйіт, із-түзсіз жоғалу, полиция, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды
Маңғыстау облысында жоғалған 12 жасар қыз табылды
Тауда жоғалған бала әлі табылған жоқ: құтқарушылар тікұшақпен іздеуге кірісті
Қостанайда жоғалған 14 жастағы алматылық қыз Көкшетаудан табылды
Загрузка...