Қатты аяз

38 градус аяз: Шығыс Қазақстанда сабақ тоқтатылды

131
(Жаңартылды 17:27 07.12.2018)
Облыстың екі ауданында мектеп оқушылары аязға байланысты мектепке бармады

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik.  Шығыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты оқушылар үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 7 желтоқсанда Зырян ауданында термометр 38 градусқа дейін төмендегендіктен, бірінші ауысымдағы барлық сынып оқушылары сабаққа бармаған.

Шемонаиха ауданында температура —33 градусқа жетті, осыған байланысты 7 желтоқсанда бірінші ауысымның оқушылары мен колледждердің 1-ші және 2-ші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

131
Кілт сөздер:
мектеп, сабақ, қатты аяз, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Қыстың алғашқы күнінде ауа райы қандай болады?
Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Тұмаудың қалай алдын аламыз: астаналық дәрігерден 10 кеңес
Астанада жеті жылда алғаш рет қыс қарсыз басталды
Загрузка...