Пәтер кілті

Семейліктер жетім қызды пәтер сыйлап қуантты

281
(Жаңартылды 18:39 09.12.2018)
Колледж ұжымы Назерке Қостаеваның шотына бір күндік жалақыларын аударған

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы ата-ана қамқорлығынсыз қалған қызға бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйға берді, деп хабарлайды сайты. 

Шығыс кентте көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан пәтердың құны — 2 миллион 700 мың теңге. Бұл қаражатты жинау үшін педагогикалық колледждің қызметкерлері Назеркенің шотына бір күндік жалақыларын аударған.

Назерке Қостаева осы оқу орнында "педагогика-ұйымдастырушы" мамандығы бойынша білім алған.

Оқып жүргенде колледждің жатақханасында тұрған. Енді ол өзінің баспанасына қол жеткізіп отыр.

281
Кілт сөздер:
жатақхана, ақша, колледж, жетім балалар, пәтер кілті, Семей
Тақырып бойынша
Қостанайда жетім және кедей қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады
Қостанай облысында өрт салдарынан 3 жасар қыз жетім қалды
Қарағандылық полицей демалыс ақысына жетім балаларды қыдыртты
Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты
Қазақстанда бала асырап алу үшін не істеу керек?
Ақмола облысы тұрғындары мектепті сақтап қалу үшін жаппай бала асырап жатыр
Зират, архивтегі фото

Індеттен көз жұмғандар жерленген зиратта 32 қабір бар әкімдік жағдайды түсіндірді

513
(Жаңартылды 12:54 26.05.2020)
Алматы әкімдігі коронавирус індетінен қайтыс болғандарға арналған зиратта кімдердің жерленгенін айтты

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматыда COVID-19 індетін жұқтырған 32 адам көз жұмды. 22 адамның өліміне басқа аурулар себеп болды. Бұл туралы қала әкімшілігі мәлімдеді.

Алматы әкімдігі коронавирустан қайтыс болғандарға арналған зиратқа кім жерленгенін түсіндірді.   

"Қалада COVID-19 инфекциясынан 10 адам көз жұмды. Қалғандарына коронавирус дерті қосалқы диагноз ретінде қойылған. Алматыда мұндай 22 адам бар", - деп түсіндірді әкім орынбасары Ерлан Қожағапанов.

Жуырда БАҚ бетінде Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылына жақын маңда орналасқан COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлейтін полигонда 30 зират бар екені және тағы 12 мола дайындалып жатқаны жайлы ақпарат тарады. Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті ол жерде алты адамның жерленгенін хабарлады.

Мамандар кей жағдайда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың өліміне басқа ауру себеп болатынын айтады. Сондықтан қайтыс болғандар мен жерленген адамдардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Өлімнің негізгі себебі мен диагнозы өлімнің себептерін анықтау жөніндегі комиссияның қорытындысына сәйкес айқындалады.

Оқи отырыңыз: Діни басқарма індеттен көз жұмғандарды жерлеуге қатысты пәтуа шығарды 

Айта кетейік, наурыздың соңында санитар дәрігерлер коронавирустан қайтыс болғандарға арналған полигонды анықтады. Зираттың қаланың сыртында екені, айналасында жақын жатқан елді мекеннің жоқ екені айтылды. Полигон барлық қауіпсіздік ережелері бойынша қаладан оқшауланған.

Коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленеді

Коронавирус жұқтырған адам қайтыс болған жағдайда мәйіт ашылмайды және кремацияланбайды. Мәйіт дереу дезинфекцияланады. Сондай-ақ бір жерде көмілетін мәйіт саны белгіленген, одан артық адамды бір жерге жерлеуге шектеу қойылған.

Аса қауіпті инфекция бар мәйітті көметін кезде қабылданатын барлық қажетті шара қолданылады.

Табытсыз (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) көмілген кезде денені бактерицидті дезинфекциялық ерітіндіні сіңдіріп алатын матаға орайды. Содан кейін денесі полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матамен қайта оралады.

Қайтыс болған адамның денесі жерлеу орнына металл немесе тығыз жабылған ағаш табытпен тасымалданады.

Жерлеу рәсімі кезінде денесі, табыттың беті жабық болуы қажет. Жерлеу рәсіміне марқұмның жақын туыстары ғана қатыса алады.

Тасымалдау және жерлеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау үшін топ жасақталады, оған 5-7 адам кіреді, оларға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары еріп жүреді.

Жерлеу процесіне және көмуге қатысқан адамдар 14 күн медициналық бақылауға алынады.

Алматыдағы коронавирус

26 мамырдағы жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясы 2 276 адамнан табылды,  ішінде 1 276 науқас сауығып шықты, 10 адам көз жұмды. Ел бойынша COVID-19 инфекциясы 8 969 адамда анықталды.

513
Кілт сөздер:
зират, Алматы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Өткен тәулікте 438 адамнан коронавирус табылды
Түйе

Бір түйенің бағасы 1 миллион теңгеден асып кетті Шөкеев

143
Түркістандық шаруалар түйе санын көбейтуге дайын. Бағдарлама бойынша түйе басын 90 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанда түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады. Республикада бір түйенің бағасы қазір екі есе өскен. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министр Асқар Мамин Түркістан облысындағы түйе сүтін өңдеу зауытына тоқталды. Зауытты қытайлық инвестор салған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның екі қаласында заманауи ет өңдеу кешені іске қосылады 

Маминнің айтуынша, инвестордың шикізатты тартымды бағамен сатып алуының арқасында түйе сүтіне сұраныс артқан. Елде бір түйенің бағасы екі есе өскен.

Жалпы түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады деген ол облыс әкімінен түйе санын сұрады.

"Бізде осы күнге дейін 30 мың түйе болатын. Қазір күрт өсіп жатыр, жылына 10 процентке артуда. Өйткені түйе сүтінің бағасы өсіп кетті. Қазір бір литр сүт 1000 теңге тұрады. Түйенің бағасы бір миллион теңгеден асып кетті", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Ол бүкіл облыстардан түйе сатып алынып жатқанын атап өтті.

Шөкеевтің айтуынша, түркістандық шаруалар Түрікменстаннан түйе әкелуді көздеп отыр. Алайда бұл елде экспортқа шектеу қойылған екен. Шаруалар осы мәселені шешуге көмек сұрап жатқан көрінеді.

"Шаруалар түйе санын көбейтуге дайын. Бағдарлама бойынша түйе басын 90 мыңға жеткізу жоспарда бар. Бұл келешегі зор сала болып тұр", - деді аймақ басшысы.

Мамин мал шаруашылығының басқа салаларында да осындай кооперацияларды дамыту қажеттігін айтты.

143
Кілт сөздер:
мал шаруашылығы, Өмірзақ Шөкеев
Тақырып бойынша
Түркістан облысында су басқан ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді
Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев
"Жерді кері қайтарып аламыз": Шөкеев шаруалар үшін маңызды мәселені көтерді
Қазақстаннан мал шығаруға толығымен тыйым салынды
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс
Дәрігер, архивтегі сурет

Ресейдің вирусология орталығы COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізеді

0
Вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік формада жасалуы тиіс

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Роспотребнадзордың "Вектор" вирусология ғылыми орталығы маусымның соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы "Известия" газетіне берген сұхбатында орталықтың бас директоры Ринат Максютов хабарлады, деп жазады РИА Новости

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін жануарларға жасалған тест нәтижелерін алу жоспарланып отыр және денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық зерттеулерге рұқсат беруін күтуде.

Максютовтың айтуынша, вакцинаны жаппай қолданбас бұрын ол зертханалық сынақтан сәтті өтуі қажет. Сонымен қатар өндірісте болып, дәрілік форма алуы керек.

Содан кейін клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің толық спектрі мен тіркеуден өтуі қажет. Бұған дейін Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцинаны әзірлеумен айналысатын орталық қызметкерлері, сонымен қатар өзі де  вакцина салдырғанын хабарлады. Айтуынша, оларда инфекциядан қорғайтын антидене пайда болған.

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін Санкт-Петербург вакциналар мен сарысу ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары да еңбек етіп жатыр. Препаратты әзірлеу барысында басқа елдерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Гинцбург ресейліктерді жаппай вакцинациялау күздің басында басталып, ол процестің алты айдан тоғыз айға дейін созылатынын хабарлады.

Жаңа коронавирус (COVID-19 тудыратын) алғаш рет желтоқсанның соңында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Наурыздың басында ДДҰ оны пандемия деп таныды. Ұйымның ақпараты бойынша, әлемде 5,3 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 343 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Ресейде 353 427 адамнан COVID-19 табылды, оның ішінде 118 798 науқас сауығып шықты, 3 633 қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
Ресей, коронавирус
Тақырып бойынша
Қазақстанда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейеді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді