Өңірлер

Атырау басшысы әкімдіктің алдында болған келеңсіз оқиға үшін кешірім сұрады

© Photo : служба региональных коммуникаций по Атырауской областиӘлимұхаммед Құттұмұратұлы
Әлимұхаммед Құттұмұратұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлимұхаммед Құттұмұратұлын облыс әкімдігі алдындағы алаңда көлікпен шыр көбелек айналған жүргізушілердің әрекеті қатты ашуландырған

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Атырау басшысы мемлекеттік қызметшінің имиджін қорлайтын әрекетке барған жүргізушілер үшін кешірім сұрады, олардың арасында әкімнің де жүргізушісі болғаны анықталды.

Қыз, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматы көлінде түсірілген видео желіні дүрліктірді: Байбек түсініктеме берді

Қызметтік автокөліктердің тайғақ жолда шыр көбелек айналған сәтін Атырау тұрғындары видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Әкім қызметтік тексерістің нәтижесі туралы  Facebook-тегі парақшасында жазды. 

"Маған бұл видео шынымен де ұнамағанын мойындаймын. Мұндай істі бюджет қаражатына алынған қызметтік автокөліктермен жасау барлығымыздың атымызға кір келтіреді. Мен көлік жүргізушіммен сөйлестім, ол жерде менің де және де әріптестерімнің қызметтік автокөлігі болғанын білдім", — деп түсіндірді әкім. 

Әлимұхаммед Құттұмұратұлының айтуынша, оқиға бейсенбі, 6 желтоқсан күні түске дейінгі уақытта болған, жүргізушілер шенеуніктерді облыстық әкімдікте болған жиналыстан алып кетуге келген.

"Осы оқиғағадан кейін көлік жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595 бабына сәйкес жол полициясы қызметкерлері хаттама толтырды жәнеде автотұрақ басшысы қызметтік ішкі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталған соң көлік жүргізушілерге айыппұл салынып, жұмыстан босатуға дейін шаралар қолданылады", — деп толықтырды Атырау басшысы.

Нұрлан Сауранбаев - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкент әкімі Сауранбаев: тілім жойылатын болса, бүгін өлуге даярмын

Ол бүгін мемлекеттік органдардың барлық жүргізушісімен профилактикалық жұмыс жүргізілгенін айтты.

"Мұндай әрекет ең алдымен мемлекеттік қызметшінің имиджін қорлайды, екіншіден мемлекеттің мүлігіне зиян келтіріп, ерте тозуына жол береді және үшіншіден айналадағы адамдарға қауіп төндіреді. Мен өз атымнан және әріптестерімнің атынан бұл болған оқиға үшін қала тұрғындары мен қала қонақтарынан кешірім сұраймын", — деп түйіндеді Құттұмұратұлы.


Жаңалықтар
0