несие

Маңғыстау әкімі халыққа неліктен 1%-пен кредит беріліп жатқанын түсіндірді

1664
(Жаңартылды 15:43 10.12.2018)
Ералы Тоғжанов көп уақыт бұрын қолға алынған жобаның сәтті жүзеге асырылып жатқанын айтты

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik. Дәл қазір Маңғыстау облысында тұрғындарға 1%-пен кредит беріліп жатыр. Көптен бері қолға алынған жоба жүзеге асты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде "Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберіндегі Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында өңір басшысы Ералы Тоғжанов айтты.

"Бұл әңгіменің шет жағасын осы уақытқа дейін айтып өткен болатынмын. Іс жүзінде бұл жоба (1%-пен кредит беру — Sputnik) жүзеге асты. Әр түрлі компаниядан инфрақұрылымға бөлінетін қаржы осы жобаға салынды. 900 миллионды "Даму" қорымен бірлесіп өзіміз таптық. Аталған қор бізге 1,8 миллиард теңге ақша берді", — дейді Маңғыстау облысының әкімі.

Сонымен қатар, әкім осы жобаға қатысты әртүрлі алып-қашпа әңгіменің болғанын жасырмады. Осы орайда, алға қойылған негізгі үш мақсат болғанын айтып өтті. Біріншіден — ақшаны айналымға жіберу, екіншіден — жаңа өндіріс орындарын құру, үшіншіден — осы өндіріс орындары арқылы халықты жұмыспен қамту.

"Өндіріс орындары пайда болса, біз салған ақшаны үш жылдан кейін қайтарып аламыз. Яғни бұл салық арқылы келетін ақшалар. Сол себепті ақшаны айналымға жіберіп отыру тиімді. Біртіндеп орта шағын бизнеске 3 миллиард, келесі жылы 6 миллиард, арғы жылы 9 миллиард теңге жұмсаймыз", — деді әкім.

Тағы оқыңыз:

Бұдан өзге әкім Маңғыстау облысы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 24% көрсеткішке ие болып отырғанын айтты. Бұл аталған аймақтағы басты бағыттардың бірі болғандықтан, міндетті түрде алдағы жылдары жүзеге асырылмақ.

1664
Кілт сөздер:
өндіріс, несие, пайызсыз несие, ақша, әкім, Маңғыстау облысы
Тақырып бойынша
"Қымбат ота мен бірнеше несие". Қазақстандықтар Құран кәрімді неге сатып жатқанын айтты
Психоаналитик қандай адамдардың несие алуға құмар болатынын айтты
Шымкентте баспана алуға пайызсыз несие беріледі
"Nur Kapital". 1%-бен несие беретін бағдарлама іске қосылды
Қазақстанда шағын несие сомасы ұлғайтылады
Ақышев зейнеткерлерді несие алмауға шақырды
Ер адам азаматтық некедегі әйелінің атынан несие алып, қашып кеткен
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

45
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

45
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты 
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

2162
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

2162
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды