Үй

Ақтауда үйден адамның сүйектері табылды

1222
(Жаңартылды 18:46 18.12.2018)
ПИК жұмысшылары бірден полицияға хабар береді

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары үйдің жертөлесінен адамның сүйектерін тапты, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 12 желтоқсан күні шамамен таңғы сағат 08:00-де болған. "Ғалия" пәтер иелері кооперативінің жұмысшылары 7-ші шағын аудандағы №8 үйдің жертөлесін тазалап жатып, адамның сүйектерін тауып алған. Олар бірден оқиға орнына полиция шақырады. 

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл жайтқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. 

Еске сала кетсек, Ақтауда шілде айында қоқыс контейнерінен ер адамның денесі табылған еді. Сондай-ақ, үйлердің бірінен 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған болатын.

1222
Кілт сөздер:
адамның сүйегі, жұмысшылар, қоқыс, тұрғын үй, полиция, Ақтау
Тақырып бойынша
Он екі жылдан бері қоқыс тасимын, мұндайды алғаш көруім – көлік жүргізуші
Таразда өртенген қоқыс арасынан нәрестенің денесі табылды
Ресейде жүк көлігінен қазақстандықтың денесі табылды
"Бұтақтан ұстап тұрмын!" Ақтөбеде жоғалған фермердің денесі табылды
Жас футболшы көшеден өлі табылды
Әуежайда ұшақтан түсірілген сөмкеден бес айлық сәби табылды - видео
Батыс Қазақстанда үйдің астынан бірнеше адамның сүйегі табылды
Загрузка...