Өңірлер

Оралда әбден ашынған автобус жүргізушілері жұмысқа шықпай қоюы мүмкін

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өтуАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушілер жұмыстан қуылу және ауыр еңбек жағдайларына қарсы наразылық шарасын бастады

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Бүгін Оралда автобустар жүрмей қалуы мүмкін еді. Кеше қоғамдық көлік жүргізушілері әріптестерінің жұмыстан қуылуы мен автопарк қызметтерін коммерцияландыруға қарсы наразылық акциясын ұйымдастырған болатын. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлады.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанадағы автобус жүргізушілерінің ереуілі - "Astana LRT" не деп жауап берді?

Кеше қалалық бағдарлардың бірінің барлық автобусы жұмысқа шыққан жоқ. Жүргізушілер автобус паркінде жиналыс ұйымдастырып, төрт қызметкерді жұмыстан шығару туралы басшылық шешіміне қарсы шығып, ақысын өз қалталарынан төлейтін коммерциялық көлік жуудың автобустарды уақытылы әзірлемейтініне наразылық білдірді. 

Жүргізушілер мен кондукторлардың айтуынша, еңбек жағдайы ауыр, басшылық талабы жоспар бойынша, міндетті әрі өте қатал.

"Билеттерді тапсырып, кеудешені кимесек, автобус жуылмаса, 33 000 мың теңге жоспарымыздан ұстап қалады. Ұсақ-түйекке бола жұмыстан қуады. Жақында жиналыс өткен еді, жүргізушілердің атынан наразылығымызды білдірдім, — дейді жұмыстан қуылған жүргізушілердің бірі Ернар Құтқожин басылымға. – Олар үшін көк тиын құнымыз жоқ, күніне 17 сағат жұмыс істейміз, бұған ешкім көнгісі келмейді".

Автопарктың көлік жуу қызметі бұрын тегін болса, қазір басшылық шешімімен жалға берілген. Енді автобусты жуу үшін жүргізушілер күнделікті қалталарынан 1000 теңге төлейді. Көлік жуушы екі-ақ адам болғандықтан, түні бойы кезек күтеміз, дейді ашулы жүргізушілер. Олар автобусты жұмысқа өздері әзірлеуге рұқсат бергенін қалайды.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

Ал автопарк директоры өз шешімін заңды деп санайды – жұмыстан шыққан жүргізушілердің өзі өтініш жазып берген, деп мәлімдеді ол. Парк басшылығы, керісінше, бар жағдайды жасап отыр.

"Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң бар, біз әр жолаушыға билет беруге тиіспіз. 15 қарашадан бастап балалар билетін сатып алдық, соны беру керексіздер. Бүгінге дейін мұндай жағдай болған емес", — деп атап өтті "Батыс Қазақстан автобус паркі" компаниясының басшысы Марат Әбдірахманов.

Автобус жүргізушілері жұмыстан қуылған әріптестерін қайтармаса және көлікті өздері тазалауға рұқсат бермесе, жұмысқа шықпаймыз деп отыр.

Қалалық әкімдік автобустар кесте бойынша қызмет көрсетеді деп сендірді.

Жаңалықтар
0